Карточкалық жүйе дерекқоры үшін Oracle өнімдерінің лицензияларын сатып алу бойынша ашық тендер

Карточкалық жүйе дерекқоры үшін Oracle өнімдерінің лицензияларын сатып алу бойынша ашық тендер

19.04.2019

Қосымша № 2. Таңдау критерийлері

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нурбанк» АҚ төлем карточкасының деректер базасы үшін Oracle өнімдерін сатып алуға лицензиялар бойынша қызметтер жеткізушіні таңдау үшін ашық конкурс жариялайды:

  • Лот №1. Төлем карточкасының деректер базасы үшін Oracle өнімдерін сатып алуға лицензиялар;

және әлеуетті жеткізушілерді 2019 жылғы 25 сәуірде сағат 14:30-да «Нурбанк» АҚ ғимаратында, Абая даңғылы, 10В мекенжайы бойынша өтетін конкурсқа қатысуға шақырады.

Конкурс түрі: ашық:

Конкурстың басталуы: 2019 жылғы 25 сәуір сағат 14:30-де, мекенжайы: Абая даңғылы, 10В, 3-қабат, 310 үлкен конференц-залы;

Сауда-саттықтың аяқталуы: сағат 16:30;

Құжаттамаларды жинау және ұсыныстарды беру мерзімі 2019 жылғы 24 сәуір сағат 12:00-ге дейін, мекенжайы: Абая даңғылы, 10В; 204-кабинет канцеляриясы.


Конкурста қатысуға қойылған талаптарға сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады:

  • Лот №1 Қосымша №4 лот №1 Іріктеу критерийлері.

Техникалық спецификация келтірілген:

  • Қосымша №1_лот №1–Оракл лицензияларына ТШ

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Құқықтық құжаттама
1) конкурсқа қатысуға өтінім бекітілген нысан бойынша, Қосымша №5 сәйкесінше;
2) құрылтай құжаттардың, заңды тұлғаны тіркеу / қайта тіркеу туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығына тіркеу есебіне қою туралы куәлік);

3) мемлекеттік лицензияланатын қызметті жүргізуге лицензия (салыстыру үшін түпнұсқа) сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша (егер олар лицензияланады);

4) жеткізуші өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) конкурсқа қатысуға өкілетті тұлғаға жеткізушінің сенімхаты;

2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) үміткердің банктік деректемелерін растайтын, банк алдындағы мерзімі өткен қарыздың жоқтығын көрсететін қызмет көрсететін банктен алынған анықтаманың түпнұсқасы;

2) заңды тұлғалардың бір жылға қаржылық есептілігінің көшірмелері, мөрімен куәландырылған, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері, егер болса мөрмен куәландырылған;

3) салықтарды төлеуде қарызының болмауы туралы тіркелген орны бойынша Салық комитетінің анықтамасының түпнұсқасы;

4) бұдан бұрын жеткізушімен бірлесіп жұмыс жасаған заңды тұлғалардың / жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибелерін бағалау мен сипаттамасын қоса алғанда уақтылық, міндеттемелердің толық орындалуы және т.б. (бар болса);

5) материалды-техникалық базаның бар екендігі туралы мәліметтер;

6) баға ұсыныстары;

7) «Нурбанк» АҚ арқылы есеп айырысу шоты бойынша жеткізілім кезінде өзара есеп айырысуға келісім беруін растау

3 пакет: Өзге құжаттама

  • Oracle бағдарламалық қамтамасыз етуші компаниядан Oracle Database Enterprise Edition лицензияларын сату және жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге уәкілетті хат;
  • Партнердың «Oracle» компаниясымен қарыздарының жоқтығы туралы хат;
  • Oracle ДББЖ өнімдері бойынша сертификатталған мамандардың саны туралы мәліметтер (мамандардың сертификаттарының көшірмелері);
  • қызметтердің тізімі, тәртібі және мерзімдері.

Өз тарапымыздан, Байқау комиссиясы Банкы байқауға қатысу, бағалау және байқаудың тапсырыстарын салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызмет көрсетушілерге немесе ресми түрде байқау тапсырыстарын қарастыру, бағалау және салыстыруға қатыспайтын кез келген үшінші тұлғаларға ашпауға құқылы болатынын айтамыз.

«Нурбанк» АҚ байқауға қатысудан бас тартуға немесе оны кейінге қалдыруға және байқауға қатысуға тапсырыстар берген әлеуетті жеткізушілерді байқауды тоқтату немесе кейінге қалдыру туралы жаңа өтінім беру мерзімін көрсетіп, жазбаша хабарлауға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші байқау өтінімдерін тапсырудың соңғы мерзіне дейін қосымшаны өзгерте немесе қайтарып ала алады.

Байқау әлеуетті қызмет көрсетушінің уәкілетті өкілінің қатысуымен немесе онсыз, егер уәкілетті тұлға байқауға қатыспайтын болса, жүргізілетін болады.

Байқау құжаттамасын ұсынудың соңғы мерзімі 2019 жылғы 24 сәуір сағат 12:00-ге дейін.

Байланыс тұлғалар:

Құқықтық және қаржылық құжаттама пакетттерін қалыптастыру сұрақтары бойынша Құрманбаев Санжарға хабарласыңыз.

Тел. 2 599 710 ішкі. 5847 SKurmanbayev@nurbank.kz

Техникалық тапсырма бойынша басқа құжаттама пакеттерін қалыптастыру сұрақтары бойынша Ли Евгенийге хабарласыңыз.

Жұмыс. 8(727)2 500 000 ішкі 4545 Evgeny.Lee@nurbank.kz.

Қосымша №1. Техникалық спецификация (жүктеу. doc, 37 КБ)

Қосымша №3. Өтінім (жүктеу. doc, 30 КБ)