АҚ «Нурбанк»-тың ашық тендері

АҚ «Нурбанк»-тың ашық тендері

11.01.2019

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нурбанк» АҚ Бас банк пен филиалдар үшін А4 форматындағы кеңсе қағазын сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Тендер нәтижелері бойынша ең қолайлы шарттарды ұсынған компаниямен жеткізу шарты жасалады. 

Осы хабарландыруға қосымша ретінде талаптар тізімі және қажетті қағаз көлемінің тізімі бар файлдарды таба аласыз.

Тендер түрі: ашық

Аукционның басталуы: 2019 жылғы 14 қаңтар сағат 14:30, мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы 10 «в»   

Аукционның аяқталуы:  2019 жылғы 22 қаңтар сағат 16:00, мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы 10 «в»   

Ұсыныстарды жинау мерзімі: 2019 жылғы 23 қаңтар сағат 18:00 дейін, мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы 10 «в»   

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:

  • Қазақстанның 16 облысына (Атырау, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Талдықорған, Шымкент, Орал, Алматы) және Бас банкіне тегін жеткізуді жүзеге асыру;
  • қажетті тауар көлемінің қол жетімді болуы;
  • 100% алдын ала төлемнен кейін ай сайын өнімді аймақтарға жеткізу мүмкіндігі;
  • «Нурбанк» АҚ-да есеп шотты ашу
  • бес жылдан кем емес жұмыс өтілі және кәсіби біліктілікке ие болу, жеткізу шартын орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу;
  • төлем қабілетті, таратылуға жатпау, мүлкіне тыйым салынбау қажет, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылмауы тиіс; 

Тендерге қатысу үшін келесі құжат жиынтықтарын ұсыну қажет:

1 пакет: Құқықтық құжаттама

1) тендерге қатысу үшін белгіленген нысандағы өтінім;

2) құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаның тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (жарғы, қосылған құн салығына тіркеуге қою туралы куәлік);

3) мемлекет лицензиялайтын қызмет түрлерін жүргізуге (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензияланатын болса) лицензия көшірмелері (түпнұсқа тексеру үшін);

4) жеткізушінің өкілі болып табылатын уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) тендерге қатысуға берілген жеткізушінің уәкілетті тұлғасына сенімхат; 

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) «Нурбанк» АҚ-да заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ішкі бақылау қағидаларына сәйкес заңды тұлға сауалнамаларының толтырылуы;

2) үміткердің банк реквизиттерін растайтын қызмет көрсетуші банктен берілген түпнұсқа анықтамасы, банктің алдындағы мерзімі өткен қарыздың жоқтығын растайтын анықтама;

3) заңды тұлғалардың бір жылдық қаржылық есептілігінің, жеке кәсіпкерлердің қолтаңба мөрімен куәландырылған салық декларацияларының көшірмелері немесе мөрдің бар болған жағдайда мөрленген көшірмелері;

4) жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінен берілген салық бойынша қарыздың жоқтығын растайтын түпнұсқа айрқтамасы;

5) жеткізушімен бұрын жұмыс істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесін бағалаулар мен сипаттамаларын, оның ішінде міндеттемелерді орындаудың уақыттылығын, толықтығын қамтиды (бар болған жағдайда);

6) материалдық-техникалық база туралы мәліметтер;

7)  бағалық ұсыныстар;

8) тендер өткізуге дейінгі 2 (екі) жыл ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Соңғы екі жылда салық есебінде шығындардың болған жағдайда, қатысушыдан ұсынылатын тауар/қызмет бағасының негіздемесін ұсыну талап етілед

3 пакет: Басқа құжаттама

1)  тауар сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімдері.

2) әлеуетті Жеткізуші тендерлік өтінімін дайындау және беру шығындарына өзі жауап береді, ал Банк пен тендер комиссиясы осы шығындарға қатысты жауапкершілік көтермейді, тәуелсіз жүргізілген талқылаулар мен  тендер нәтижелеріне қатысты ешқандай міндеттеме көтермейді. 

Өз тарапынан айта кетерлігі, Банктің Тендер комиссиясы өтінімдер бойынша шешім қабылдау, бағалау және салыстыруға қатысты ақпаратты қызмет жеткізушілері не немесе тендерлік өтінімдер бойынша шешім қабылдауға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатысушыларға ашықтықты талап етпесе де дұрыс рәсімделмеген ақпаратты ашу құқығына ие.

«Нурбанк» АҚ тендерді қағазбастылықтар арқылы тендерлік өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілерге жазбаша хабарлама беріп, тендерді өткізуді тоқтатуға немесе кейінірек белгіленген мерзімге ауыстыруға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерге қатысуға арналған өтінім мерзімінің соңына дейін өз өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы. 

Байланыс тұлғасы:

Бағалық ұсыныстар мен құжаттар пакеті бойынша:

  • ұйым Имашева Н.Р.-ға хабарласыңыз: тел: 8(7272) 599-710 ішкі: 5880
  • +7 7078038262

Қосымша № 1. Техникалық сипаттама (жүктеу. xls, 35 КБ)