Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ компаниясының желілік инфрақұрылымын қорғау үшін PaloAlto PA-3020 бағдарламалық-аппараттық кешені лицензияларын ұзарту бойынша ашық тендер жариялап, потенциалды жеткізушілерді 2018 жылғы 20 желтоқсанда сағат 14:30 да «Нұрбанк» АҚ ғимаратында, мына мекен-жайда: Алматы қ., Абай д-лы, 10 «B», 310 кабинетте өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады.
Құжаттарды жинаудың соңғы мерзімі: 19-12-2018 ж., сағат 12:00, мекенжай: Алматы қ., Абай д-лы, 10 «B», канцелярия, 204 кабинет
Тендерге заңды тұлғалар (потенциалды қызмет жеткізушілері) қатыса алады, олар тендерді өткізу сәтіне мынадай талаптарға сай болуы керек:
Техникалық спецификация және бағдарламалық өнімдер сипаттамасы № 5 Қосымшада көрсетілген.
Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін тапсыру қажет:
1 пакет: Заңды құжаттар
1) тендерге қатысу өтінімі;
2) құрылтай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою куәлігі);
3) белгілі бір лицензияланатын қызмет түрін жүргізуге арналған лицензияның көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқа) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялануға жататын болса);
4) жеткізушінің өкілі – уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) жеткізушінің Тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға сенімхат;
2 пакет: Қаржылық құжаттар
1) баға ұсыныстары;
2) қатысушының банк алдыдағы кешіктірілген қарызы жоқтығын растайтын, қызмет көрсетуші банктен анықтаманың түпнұсқасы, қатысушының банк реквизиттерін растау
3) заңды тұлғалардың бір жылға арналған қаржылық есебінің даналары, мөрмен куәландырылған, жеке кәсіпкерлердің салық декларациялары, мөрімен куәландырылған, егер ол болса;
4) жеткізушінің салықтарды төлеу бойынша қарызының жоқтығы туралы тіркелген жері бойынша Салық комитетінің анықтамасының түпнұсқасы;
5) материалдық-техникалық базаның болуы туралы мәліметтер;
3 пакет: Басқа құжаттар
1) техникалық спецификациялар, жеткізу шарттары, мерзімдері.
2) Потенциалды жеткізушілер үшін өндіруші компаниялардан авторизациялық хаттың болуы:
3) Жеткізілетін жабдықтарға кепілдік қызмет көрсету мақсатында Алматы қаласында немесе аппараттық-бағдарламалық кешен жеткізілетін аймақтарда сервис орталығының немесе сервис серіктестің болуы (атауын, мекенжайын, байланыс деректерін көрсетіп ақпарат ұсыну).
4) Жабдық сериялық өндірісті өнімдерден жеткізіліп, өндіруші фирманың зауыттарында сынақтан өткен болуы тиіс. Жиынтыққа тапсырмада көрсетілген барлық компоненттер қосылады.
5) Потенциалды жеткізушінің нарықта 2 жылдан кем емес жұмыс үздіксіз қызмет көрсеткен болуы керек.
6) Жеткізу тапсырыс берушінің мекенжайы бойынша толығымен бір уақытта жүзеге асырылуы керек.
7) Потенциалды жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия осы шығындарға жауапкершілік алмауы және мойындамауы керек, тендердің өткізілмеген жағдайда және нәтижелеріне қарамастан.
Өз тарапымыздан Банк Тендерлік комиссиясы тендер ұсыныстарын қарауды, бағалауды және салыстыруды ресми түрде қатыспайтын потенциалды қызмет жеткізушілеріне немесе басқа тұлғаларға ақпаратты жария етпеу құқығына ие екенін атап өтеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендер туралы ұсыныс берген потенциалды жеткізушілерді тендердің өткізілетін күні туралы жазбаша хабарламасымен тендерді өткізбеу немесе кейінге шегеруге құқылы.
Потенциалды жеткізуші өз өтінімін тендер ұсыныстарының соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе алып тастауға құқылы.
Тендерге қатысу үшін тендер өкілі потенциалды қызмет жеткізушінің өкілетті тұлғаның қатысуымен немесе онсыз қатысуға болады, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса.
Тендерлік құжаттаманы тапсырудың соңғы мерзімі 2018 жылғы «29» қазанында сағат 12:00-ге дейін.
Байланыс тұлғалары:
Жақаев Берік Нұрланұлы
Тел.+7 (727) 2 599 710 ішкі 4005 BZhakayev@nurbank.kz
№ 1 Қосымша. Техникалық спецификация (жүктеу. doc, 30 КБ)