Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ көшірме-көбейту техникасы үшін шығыс материалдарын жеткізушіні таңдау және оны күтіп ұстау бойынша қызметтер көрсету ашық тендерін жариялайды және ықтимал жеткізушілерді қатысуға шақырады. Тендер 2018 жылдың 13 шілдесінде «ЕТС Тендер» сауда алаңында (www.ets-tender.kz) өткізіледі.
Тендер түрі: бағаны төмендету саудасы.
Сауда басталуы: 13 шілде 2018 ж. 09:00.
Сауда аяқталуы: 19 шілде 2018 ж. 16:00.
Сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің атаулары №1 Қосымшада көрсетілген.
Тендерге №2 Қосымшада көрсетілген критерийлерге сай келетін ықтимал жеткізушілер жіберіледі.
Тендерге қатысу үшін жеткізуші өтінімге келесі құжаттарды электронды түрде қосуы қажет:
Құқықтық құжаттама
1) құрылтай құжаттары, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәліктері (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою куәлігі);
2) сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша лицензияланатын қызмет болса, мемлекет лицензиялайтын осы қызмет түріне лицензиялар;
Қаржылық құжаттама
1) үміткердің банктік деректемелерін растайтын, банкте үміткердің мерзімі өткен қарызының жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктен алынған анықтама түпнұсқасы;
2) заңды тұлғалар үшін бір жылға қаржылық есептілік, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары бар, мөрімен бекітілген (бар болған жағдайда);
3) жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінен алынған салық төлемдері бойынша қарыздың жоқтығын растайтын анықтама түпнұсқасы;
4) Тендер өткізілгенге дейінгі екі жыл үшін корпоративтік табыс салығы декларациясы. Алдыңғы екі жыл үшін салық есебіндегі шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың/қызметтің бағасын негіздеу қажет (кейіннен халықаралық іскерлік операцияның нысаны болып табылатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер сатып алулары үшін).
Басқа құжаттама
1) жеткізушімен бұрын ынтымақтасқан заңды тұлғалардан/жеке кәсіпкерлерден ұсыныстар мен пікірлер, ынтымақтастық тәжірибесін бағалау мен сипаттау, оның ішінде уақтылылығы, міндеттердің толық орындалуы және т.б. (бар болған жағдайда);
2) осы тендерге қосылуы қажет деп санайтын басқа құжаттама.
Шарт жасалған жағдайда Банкке келесі құжаттарды ұсыну қажет болады:
Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және тапсырумен байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындарға жауап бермейді және ешқандай міндеттемеге тартылмайды, тендерді өткізудің және оның нәтижелерінің сипатына қарамастан.
«Нұрбанк» АҚ тендер өткізу туралы хабарламаны «ЕТС Тендер» тендерлік алаңында тендерден бас тарту немесе оны кейінге қалдыру туралы хабарламаны жаңа өткізу күнін көрсетумен орналастыруға құқылы.
Байланыс тұлғалары:
Ғазымжанов Сейтжан Тлешұлы
Тел.+7 (727) 2 599 710 ішкі 4661
sgazymzhanov@nurbank.kz
«ЕТС Клиринг орталығы» ЖШС
Тел. +7 (727) 321 82 18
www.ets-tender.kz
Қосымшалар:
№ 1 Қосымша. Техникалық тапсырма (жүктеу.doc, 167 KБ)
№ 2 Қосымша. Іріктеу критерийлері (жүктеу.docx, 23 KБ)<
№ 3 Қосымша. Тендерге қатысу өтінімі (жүктеу.doc, 47 KБ)
№ 4 Қосымша. Қатысушының сауалнамасы (жүктеу.doc, 82 KБ)