Жүйеге кіру кезінде пайдаланушыны сәйкестендіру және аутентификациялау жүйесін сатып алу бойынша ашық тендер

Жүйеге кіру кезінде пайдаланушыны сәйкестендіру және аутентификациялау жүйесін сатып алу бойынша ашық тендер

20.04.2018

Қосымша №4. З

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ жүйеге кіру кезінде пайдаланушыларды сәйкестендіру және аутентификация жүйесін сатып алуға ашық тендер жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2018 жылы 3 мамырда сағат 14:30-да ҚР Алматы қаласы, Абая даңғылы, 10 «В», №310 кабинет мекенжайы бойынша Нұрбанк АҚ ғимаратында өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады.

Құжаттарды жинау мерзімі: 02-05-2018 сағат 12:00, мекенжайы: Алматы қ., Абая даңғылы, 10 «В», кеңсе, №204 кабинет           

Тендерге заңды тұлғалар (қызмет жеткізушілер) жіберіледі, олар тендер өткізу сәтіне дейін келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • кәсіби құзыретке және жұмыс тәжірибесіне ие болу, қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу;
  • Қазақстан Республикасының аумағында аппараттық-бағдарламалық кешенді сатуға және техникалық қолдау көрсету құқығына дистрибьютордан құжаттық растау.
  • «Нұрбанк» АҚ тарапынан бұған дейін жасалған келісімшарттар бойынша талаптардың болмауы;
  • төлем қабілеттілігі, таратылуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы;
  • тендерге қатысуға өтінім беру кезінде және қызмет көрсету шартын жасау кезінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлегеніне көз жеткізу.

Бағдарламалық өнімдердің техникалық сипаттамасы мен суреттемесі №1 Қосымшада келтірілген. 

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің тендер құжаттамасының техникалық сипаттамаларына сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлеу шарттары;
  • жабдықты жеткізу мерзімдері. 

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңды құжаттама

1) тендерге қатысуға өтінім;

2) заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы құрылтай құжаттарының, куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);

3) лицензиялардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқа) лицензияланатын қызметтерді жүзеге асыруға (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер қызметі лицензиялануға жататын болса);

4) жеткізуші өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) Тендерге қатысу үшін жеткізушінің өкілетті өкіліне берген сенімхаты; 

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) үш позиция бойынша баға ұсыныстары:

  • саусақ ізі
  • қолтың веналары
  • контактсыз карта

2) заңды тұлғалардың ішкі бақылау ережелері бойынша толтырылған анкетасы, кірістерді заңсыз жолмен заңдастыру (ақшаны жылыстату) мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-шаралар мақсатында «Нұрбанк» АҚ банктік деректемелерін растайтын, қарыз алу мерзімінен асып кеткеншілігі жоқ банктің анықтамалық түпнұсқасы;

3) талапкердің банк алдындағы кешіктірілген қарыз алу мерзімінен асып кеткеншілігі жоқ банктің қызмет көрсететін банкінен анықтамалық түпнұсқасы;

4) міндеттілік мөрмен расталған салық декларацияларының мөрмен расталған заңды тұлғаларға арналған бір жылға арналған қаржылық есептіліктің көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін;

5) жеткізушінің тіркелу орнына сәйкес салық органдарынан салық төлеуден қарызының жоқтығы туралы анықтамалық түпнұсқасы;

6) бұрын жеткізушімен жұмыс істеген жеке кәсіпорындар/заңды тұлғалардың ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибелерінің сипаттамалары мен бағалауы, міндеттемелерді орындау уақтылығы және толықтығы және т.б. туралы мәліметтер (олар бар болса);

7) материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы мәліметтер; 

3 пакет: Басқа құжаттама

1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдері.

2) Өндіруші компаниялардан авторизациялық хаттың болуы үшін әлеуетті жеткізушілер:

  • жүйеге кіру кезіндегі пайдаланушыларды сәйкестендіру және анықтау жүйесінің дистрибуциясын жасау және кепілдік қызмет көрсету құқығын растайтын құжаттарды болуы қажет,
  • заңды бағдарламалық қамтамасыз етуді/техникалық қолдау көрсетуді дистрибуциялау құқығын растайтын құжаттарды болуы қажет, Қазақстан Республикасының аумағында.

3) Алматы қаласында немесе аппараттық-бағдарламалық кешен жеткізілетін аймақтарда жеткізілетін жабдықтың кепілдік қызмет көрсету үшін сервис орталығының немесе сервис серіктесі болуы (аталуы, мекенжайы, байланыс мәліметтерімен ақпарат беру қажет).

4)   Жабдық сериялық өндіруге енгізілген желіден толықтай жеткізілген болу, өндіру зауыттарында тексерілген. Жинауға тапсырыс берілген барлық компоненттер қосылады.

5)      Әлеуетті жеткізушінің нарықта қызмет көрсету мерзімі кемінде 2 жыл болуы тиіс.

6)      Ірі табысты жобалар ұсыныстарын беру кезінде Қазақстан Республикасы аумағындағы.

7)      Жеткізу мерзімі бір рет қана толықтай, тапсырыс беруші мекенжайы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

8)      Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және тапсырумен байланысты барлық шығындарын өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия тендердің өткізілуі мен нәтижелеріне қарамастан, бұл шығындар үшін жауапкершілік көтермейді. 

Өз тарапымыздан, Банк Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты қызмет жеткізушілерге немесе басқа ресми қатысушыға ашып көрсету құқығына ие емес екенін атап өтеді.

«Нұрбанк» АҚ тендерді өткізбеу немесе шегеру құқығын, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендерді өткізбеу немесе жаңа өтетін күнді көрсету үшін кейінге қалдыру туралы жазбаша хабарлама жасап хабарлайды.

Әлеуетті жеткізуші түпнұсқа өтінімнің соңғы мерзіміне дейін өтінімін өзгерту немесе қайтарып алу құқығына ие.

Тендер қызмет көрсету әлеуетті жеткізушісінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз өткізіледі, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса.

Тендерлік құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі 2018 жылғы мамырдың 02-сі күні сағат 12:00. 

Байланыс тұлғалары: Кебекпаев Жаслан Серікович 

Тел.+7 (727) 2 599 710 ішкі 4007 Zkebekpaev@nurbank.kz