Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нұрбанк» АҚ ашық тендер өткізілетіні туралы хабарлайды:
Лот № 1: күзет мониторингі және қауіпсіздік және өрт дабылтау жүйелерін, автоматты өрт сөндіру, бейнебақылау, кіруді басқару жүйесін техникалық қызмет көрсету, «Нұрбанк» АҚ орналасқан орындарда қызметтер көрсету бойынша әлеуетті жеткізушілерді тендерге қатысуға шақырады. Ол келесі мекенжайда өтеді: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 В, 3-қабат, 310-конференц залы.
Тендер түрі: ашық:
Тендердің басталуы: 2017 жылғы 19 қазан, сағат 14.30, мына мекенжайда: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «в».
Ұсыныстар жинау мерзімі: 2017 жылғы 18 қазан, сағат 14.00 дейін, мына мекенжайда: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «в».
Тендерге келесі талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар (қызмет көрсету бойынша әлеуетті жеткізушілер) қатыса алады:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтарын ұсыну қажет:
1 топ: Заңды құжаттар
1) Тендерге қатысуға арналған өтінім белгіленген нысанда осы хабарландыруға № 2 Қосымшада көрсетілген казахша/орысша тілдерінде;
2) Заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны куәландыратын куәліктің (Жарғы, ҚҚС бойынша есепке тұру куәлігі) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) Лицензия көшірмелері (түпнұсқа салыстыру үшін) лицензияланатын қызмет көрсету бойынша;
4) Қызмет көрсету жеткізушісінің өкілі — уәкілетті тұлғаның тұлғасын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) қызмет көрсету жеткізушісінің уәкілетті тұлғаға тендерге қатысу туралы сенімхаты;
2 топ: Қаржылық құжаттар
1) баға ұсыныстары;
2) өтініш берушінің банк алдында мерзімі өткен қарызы жоқтығын растайтын, банк қызмет көрсететін банктен түпнұсқа анықтама;
3) заңды тұлғаларға арналған бір жылға қаржылық есептіліктердің көшірмелері және қолтаңба мөрімен расталған заңды тұлғаларға арналған салық декларациялары, қолтаңбалы мөрімен растау (мөр болған жағдайда);
4) жеткізушінің тіркелу орны бойынша салық комитетінің салық төлемі борышының жоқтығын растайтын түпнұсқа анықтама;
5) қызмет көрсету жеткізушімен бұрын ынтымақтасқан заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлерден ұсыныстар және олардың ынтымақтастық тәжірибесін, оның ішінде міндеттердің уақтылы, толық орындалуын және т.б. бағалау және сипаттайтын пікірлер (болуы мүмкін);
6) материалдық-техникалық базаның болуы туралы ақпарат;
7) жеткізуші өтінім берушінің ЭТП-да тіркелуі туралы мәліметтердің болуы (болуы мүмкін);
8) Тендер өткізуден екі жыл бұрынғы корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Соңғы екі жылда салық есебінде шығындардың болуы жағдайында қатысушы тауар/қызмет бағасын негіздеуі қажет (тауарлар/жұмыстар/қызметтер сатып алу, кейіннен халықаралық іскерлік операцияның мәніне айналады).
3 топ: Басқа құжаттар
1) Осы хабарландыруға № 1 Қосымшаға сәйкес филиалдық желінің болуы туралы ақпарат (бұйрық, мекенжай, өкілдің байланыс деректері).
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы «Үлкен сәтті жобалар» туралы ұсыныстар (болуы мүмкін).
3) Әлеуетті жеткізуші өз тендер өтінімін дайындау және ұсыну бойынша барлық шығындарды көтеріп, Банк пен тендерлік комиссия осы шығындарға жауапқа тартылмайды және тендерді өткізу нәтижелеріне қарамастан осы шығындар үшін жауапкершілікті көтермейді.
Банктың тендерлік комиссиясы тендерлік құжаттарды мүмкін жеткізушілер мен басқа да бас тартпаған және тексеруге қатыспаған адамдар арасында қарастыру, бағалау және салыстыру мәселелері туралы ақпараттарды жария етпеуге құқылы.
«Нұрбанк» АҚ тендердің жойылуы немесе басқа күнге ауыстырылуы туралы мүмкін жеткізушілерге жазбаша хабарландыру жолдау арқылы тендерді болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Қызмет көрсету жеткізуші өзінің өтінімін соңғы мерзімге дейін өзгерте немесе кері қайтара алады.
Тендер өтуі қызмет көрсету жеткізушінің уәкілетті тұлға қатысатын немесе қатыспайтынына байланысты өткізіледі.
Байланысу тұлғалары:
Мына мәселелер бойынша:
— күзет мониторингі қызмет көрсетуді ұсыну жағдайлары бойынша;
— бағалық ұсыныстар мен құжаттар топтамасы бойынша;
Адлет Нурғазинге 8 (7272) 59-97-10 ішкі. 4641 телефонымен хабарласу;
№ 1 қосымша. техникалық ерекшелік лот №1 (.docx, 87 KB жүктеу)