Құрметті пошта-курьерлік қызметтердің жеткізушілері!
«Нұрбанк» АҚ корреспонденцияны, сәлемдемелерді және жүктерді Қазақстан Республикасының қалалары (қоса алғанда шалғайдағы ауылдар), халықаралық бағыттар және қалалар ішінде жеткізуді жүзеге асыратын пошта-курьерлік қызметтерді жеткізушіні таңдау бойынша ашық тендер өткізілетінін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2017 жылғы 27 шілдеде сағат 14:30-да Алматы қ., Абай пр., 10 «В», 310 кабинетте, «Нұрбанк» АҚ ғимаратында өтетін ашық тендерге қатысуға шақырады.
Құжаттарды жинау 2017 жылғы 26 шілдеде сағат 12:00-ге дейін, Алматы қ., Абай пр., 10 «В», канцеляриада, 204 кабинетте.
Тендерге келесі талаптарға сай келетін заңды тұлғалар (қызметтердің әлеуетті жеткізушілері) қатысуға жіберіледі:
1) кәсіби құзыретке ие және жұмыс тәжірибесі болуы, қызмет көрсету шартына сәйкес міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуы;
2) төлем қабілеттілігі болуы, таратылу процесіне қатыспау, оның мүлкіне тыйым салынбауы, қаржылық шаруашылық қызметі тоқтатылмауы;
3) тендерге қатысуға өтінім берудің және қызмет көрсету шартын жасаудың сәтінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеу бойынша міндеттемелерін орындауы;
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Осы хаттың №1 қосымшасына сәйкес «Пошта-курьерлік қызметтердің жеткізушілеріне қойылатын талаптар тізімі» толтырылған кесте.
2. Заңды құжаттама:
1) осы хаттың №2 қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда тендерге қатысуға өтінім;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері (Жарғы, қосымша құн салығын тіркеу есебіне қою туралы куәлік);
3) әлеуетті жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
4) лицензиялануға жататын қызмет бойынша (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер болса) лицензия көшірмелері;
5) жеткізушінің өкілі — өкілетті тұлғасын растайтын жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) Тендерге қатысу үшін өкілетті тұлғаға берілген сенімхат;
3. Қаржылық құжаттама:
1) баға ұсыныстары;
2) соңғы 12 (он екі) айдағы заңды тұлғалардың қаржылық есептілік көшірмелері немесе жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары;
3) бұрын жеткізушімен серіктес болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстар мен пікірлері, олар ынтымақтастықтың тәжірибесі мен сипаттамаларын, міндеттемелерді уақтылы, толық орындауды қамтиды (мүмкін болса);
4) материалдық-техникалық база туралы мәліметтер.
Банк Тендерлік комиссиясы әлеуетті жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға ресми қатыспайтын кез-келген басқа тұлғаларға тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру бойынша ақпаратты жария етпеуге құқылы екенін ескереміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерді болдырмауға немесе кейінге қалдыруға, тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің болдырылуы немесе кейінге қалдырылу күні мен жаңа өткізу күні туралы жазбаша хабарламамен хабардар етуге құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімді өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасы қатысуымен немесе уәкілетті тұлғаның қатыспауы жағдайында жүргізіледі.
Байланыс тұлғасы: Басқарма Төрағасы Аппаратының бас маманы Бибулатов Олжас Бижарасович, тел. +7 (727) 2 599 710 ішкі. 4691 Obibulatov@nurbank.kz, Zskakova@nurbank.kz
1 қосымша. Пошта-курьерлік қызметтердің жеткізушілеріне қойылатын талаптар тізімі (жүктеу.xls, 37 КБ)
2 қосымша. Тендерге қатысуға өтінім (жүктеу.doc, 32 КБ)