Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ шабуылдарды анықтау және алдын алу жүйесін сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетіні туралы хабарлайды және әлеуетті жеткізушілерді ашық тендерге қатысуға шақырады. Шара 2017 жылғы 15 маусымда сағат 14:30-да «Нурбанк» АҚ ғимаратында, мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», 310 кабинетте өтеді.
Құжаттарды жинау мерзімі: 2017 жылғы 14 маусым, сағат 12:00-ге дейін, мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», 204 кабинет.
Тендерге қызмет көрсетуді ұсынатын заңды тұлғалар (әлеуетті жеткізушілер) қатыса алады, олар тендер өткізілер сәтте келесі талаптарға сай болуы қажет:
Бағдарламалық өнімдердің техникалық сипаттамасы мен сипаттамасы № 5 Қосымшада берілген.
Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамасын ұсыну қажет:
1 пакет: Заңды құжаттама
1) тендерге қатысуға өтінім;
2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаның тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі (Жарғы, қосымша құн салығын тіркеу есепке қою куәлігі);
3) мемлекет тарапынан лицензиялануға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялардың көшірмелері (салыстырып тексеруге түпнұсқа);
4) жеткізушіні өкіл ететін уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) жеткізушінің уәкілетті тұлғаға тендерге қатысуға өкілеттік беру құжаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) баға ұсыныстары;
2) кірістерді заңсыз жолмен заңдастыруға (жууға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ішкі бақылау ережелеріне сәйкес заңды тұлға анкеталарының толтырылғаны;
3) талапкердің банк реквизиттерін растайтын, банктен талапкердің банк алдында кешіктірілген қарызы жоқтығын растайтын түпнұсқа анықтама;
4) заңды тұлғалар үшін бір жылға қаржылық есептіліктің көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері, мөрмен расталған (болған жағдайда);
5) жеткізушінің тіркелген жеріндегі салық комитетінен салық қарыздарының болмауы туралы түпнұсқа анықтама;
6) бұрын жеткізушімен ынтымақтастық жасаған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесінің бағалаулары мен сипаттамаларын қамтиды, соның ішінде міндеттемелерді уақытылы әрі толық орындау және т.б. (егер болса);
7) материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер;
3 пакет: Басқа құжаттама
1) техникалық спецификациялар, жеткізу шарттары, мерзімдері.
2) Өндіруші компаниялардан уәкілеттік хаттың болуы, әлеуетті жеткізушілер үшін:
3) Жабдыққа кепілдік қызмет көрсетуге арналған сервис орталығының немесе сервис серіктесінің Алматы қаласында немесе аппараттық-бағдарламалық кешенді жеткізетін өңірлерде болуы. (атауы, мекенжайы, байланыс деректері көрсетілген ақпаратты ұсыну).
4) Жабдық сериялық түрде өндірілген, өндіруші-фирманың зауыттарында сыналған топтамадан жеткізілуі тиіс. Жиынтыққа тапсырмада көрсетілген барлық компоненттер енгізіледі.
5) Әлеуетті жеткізушінің серверлік және желілік жабдық нарығында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.
6) Болған жағдайда Қазақстан Республикасында ірі сәтті жобалардың ұсынымдарын ұсыну.
7) Жабдық тапсырыс берушінің мекенжайына толық көлемде және бір мезгілде жеткізілуге тиіс.
8) Әлеуетті жеткізуші өз тендерлік өтінімін дайындау және ұсынуға байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы бұл шығындарды өтемейді және оларға міндетті емес, тендер қалай өткізілгеніне және нәтижесіне қарамастан.
Өз тарапымыздан Банктің тендер комиссиясы қызметтер ұсынатын әлеуетті жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаларға тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға қатысты ақпаратты ашу құқығын иеленгенін атаймыз.
«Нурбанк» АҚ әлеуетті жеткізушілерді тендер болдырылмағаны немесе жаңа өткізілу мерзімі көрсетіліп, кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабардар ете отырып, тендерді болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімдерді соңғы тапсыру мерзімі өткенге дейін өз өтінімді өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығы бар.
Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе онсыз өткізіледі, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса.
Тендерлік құжаттаманы соңғы тапсыру мерзімі 2017 жылғы «14» маусым 12:00 сағат.
Байланыс тұлғалары:
Кебекпаев Жаслан Серикович
Тел.+7 (727) 2 599 710 ішкі 4007 Zkebekpaev@nurbank.kz