«Нурбанк» АҚ ашық тендері

«Нурбанк» АҚ ашық тендері

14.10.2015

№4 Қосымша Тендерге қатысуға өтінім

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ Palo Alto Networks PA-3020 жабдығын сатып алу бойынша ашық тендер өткізетінін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2015 жылғы 22 қазанда сағат 14:30-да «Нұрбанк» АҚ ғимаратында, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», 310-кабинетте өтетін ашық тендерге шақырады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 21.10.2015, 12:00, мекен-жайы бойынша: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В», кеңсе №204

Тендерге тендер өту уақытына белгіленген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар (қызмет көрсету бойынша әлеуетті жеткізушілер) жіберіледі. Талаптар тізімі №4-қосымшада келтірілген.

Техникалық сипаттамалар мен бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы №1 қосымшада берілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • потенциальды жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің техникалық сипаттамаларға сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықты жеткізу мерзімі.

Тендерге қатысу үшін мынадай құжаттар пакетін ұсыну қажет:

1-пакет: Тендерлік құжаттама

1) бағалық ұсыныстар;
2) бекітілген форма бойынша тендерге қатысу туралы өтінім, осы хабарлаудың №2 Қосымшасына сәйкес, мемлекеттің немесе орыс тілінде дайындалып ұсынылуы мүмкін, тендерлік өтінімде көзге көрінетін түзетулер болмауы тиіс;
3) нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмелері: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеуге қою жөніндегі куәлік, контрагенттің өкілетті органы шешімі бірінші басшыны тағайындау туралы);
4) мемлекеттік лицензияланатын қызметті жүргізуге лицензия көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа);
5) жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) жеткізушінің уәкілетті тұлғаға тендерге қатысу үшін берген сенімхаты.
7) № 3 Қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның анкеталары, кірістерді заңсыз жолмен алынған және терроризмді қаржыландыруды легализациялауға қарсы әрекет мақсатында «Нұрбанк» АҚ-ның ішкі бақылау Ережелері бойынша;
8) банк қызметкері берген үміткердің банктік реквизиттерін, банк алдында мерзімі өткен қарызының болмауын растайтын анықтама түпнұсқасы;
9) заңды тұлғалардың бір жылдағы қаржылық есептілігінің көшірмелері, заңды тұлға мөрімен, жеке кәсіпкерлердің салық декларациялары, мөрімен расталған;
10) салық органының жеткізуші тіркелген жердегі салық борышының бар болмауын дәлелдейтін анықтама түпнұсқасы;
11) бұрын жеткізушімен ынтымақтас болған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлерден ұсыныстар мен пікірлердің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесіне қатысты бағалау мен сипаттамаларды қамтиды;
12) материалдық-техникалық база жөніндегі ақпарат;
13) үміткер ЭТП-ға тіркелуді дәлелдейтін ақпараттың қол жетімділігі (қолданыста болған жағдайда);
14) тендер өткізу алдында екі жылға арналған корпоративті табыс салығы бойынша декларация көшірмелері. Алдыңғы екі жыл бойына салықтық есептеулердегі шығындар болған жағдайда, қатысушы өтінген тауар/қызметтің бағасын растайтын дәлел келтіруі қажет (халықаралық іскерлік операцияға байланысты тауарлар/жұмыстар/қызметтердің сатып алынғаны жөнінде).

2-пакет: Өзге құжаттама

1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімдер.
2) Өндіруші компаниялардан рұқсат хаттың болуы:

  • Palo Alto Networks аппараттық-бағдарламалық кешенін тарату және кепілдік қызмет көрсету құқығын растайтын құжаттармен,
  • лицензиялы бағдарламалық қамтамасыз етуді тарату / Қазақстан Республикасында техникалық қолдау көрсетуді орындау құқығын растайтын құжаттармен.

3) Алматы қаласында немесе аппаратуралық-бағдарламалық кешенді жеткізетін аймақтарда жеткізілетін жабдықтарға кепілдік қызмет көрсететін қызмет көрсету орталығы немесе қызмет серіктесінің болуы (атауын, мекенжайын, байланыс деректерін көрсету).

4) Серверлік және желілік жабдық нарығында жұмыс істейтін әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесі кемінде екі жыл болуы тиіс.

5) Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі табысты жобалардың ұсыныстарын ұсыну, егер бар болса.

6) Жеткізу тапсырыс берушінің мекенжайына толық көлемде, біржола жүзеге асырылуы тиіс.

7) Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындау және ұсынуға байланысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк және тендерлік комиссия бұл шығындар үшін жауап бермейді және осы шығындар үшін ешқандай міндеттерді қабылдамайды, тендердің сипаты мен нәтижелеріне қарамастан.

Өз тарапымыздан, Банктің Тендерлік комиссиясы әлеуетті жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру рәсіміне ресми түрде қатыспаған кез келген тұлғаға тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға қатысты ақпаратты ашуға құқығы жоқ деп атап өтеміз.

«Нұрбанк» АҚ тендерді тоқтату немесе күту құқығына ие, қатысқан әлеуетті жеткізушілерге жазбаша хаттамамен тендердің әлдеқайда өткізілетін жаңа күнін көрсете отырып, тендердің болашақта өткізілуіне қатысты ақпаратты береді.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінішті соңғы күнге дейін өзгерту немесе қайтарып алу құқығы бар.

Тендер қызмет көрсетуді жеткізушінің уәкілетті өкілінің қатысуымен немесе онсыз өткізілетін болады, егер уәкілетті өкіл тендерге қатыспайтын болса.

Тендерлік құжаттаманы берудің соңғы мерзімі 2015 жылғы 21 қазан, сағат 12:00.

Байланыс тұлғалар:

Құжаттама әзірлеуге байланысты сұрақтар бойынша Адамбаева Диана Бекдаировнамен хабарласыңыз.
Тел. 2599 710 іштей 4624 DAdambaeva@nurbank.kz
Қосымша құжаттамалар мен техникалық талаптар бойынша Кебекпаев Жаслан Сериковичпен байланысыңыз.
Тел. +7 (727) 2 599 710 іште 4007 Zkebekpaev@nurbank.kz

Қосымшалар:

№1 Қосымша Техникалық сипаттама (жүктеу .docx, 14 КБ)