Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ IBM компаниясының осы хабарламаға № 1 Қосымшада көрсетілген жабдықтары мен жүйелік бағдарламалық қамсыздандыруына техникалық қолдау көрсету қызметтеріне жеткізушіні таңдау бойынша ашық тендер өткiзілетінін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2015 жылғы 2 шілдеде 14:30 сағатта «Нурбанк» АҚ ғимаратында мекенжайы: Алматы қ., Абай д., 10 «В», 310-кабинет, ашық тендерге қатысуға шақырады.
Құжаттарды жинау: 01-07-2015 ж. дейін, сағат 17:00, мекенжайы: Абай д., 10 «В», кабинет №204;
Тендерге осы хабарламаға №4 Қосымша «Таңдау критерийлеріне» сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.
IBM p750 және IBM Storwize v7000 жабдықтарына техникалық тапсырма және спецификациялар осы хабарламаға №1 Қосымшада берілген.
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет.
1-пакет: Тендерлік құжаттама
1) баға ұсынысы;
2) осы хабарламаға №2 Қосымшаға сәйкес тендерге қатысу өтінімі мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалып, көрінетін түзетулер болмауы тиіс;
3) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмесі: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есепке алу куәлігі, Бақылаушы тараптың бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі);
4) мемлекеттің лицензияланатын қызметінің жекелеген түрлеріне лицензия көшірмесі (түпнұсқасы тексеруге арналған);
5) жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
6) Тендерге қатысуға уәкілетті тұлғаға жеткізуші берген сенімхат.
7) «Нурбанк» АҚ пайда болған заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ақша жууға) және терроризмді қаржыландыруға ішкі бақылау қағидаларына сәйкес, осы хабарламаға №3 Қосымшада көрсетілген сұрақнамалары толтырылған заңды тұлға;
8) өтініш берушінің банктік реквизиттері, банк алдында мерзімі өткен берешектің жоқтығы және ақша қаражатының жұмсалуына шектеулер жоқтығын растайтын қызмет көрсететін банктен түпнұсқа анықтама;
9) құқықтық тұлғалардың бір жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері, мөрімен куәландырылған жағдайда жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары көшірмелері;
10) жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің салықтар бойынша қарызының жоқтығы туралы түпнұсқа анықтамасы;
11) жеткізушімен бұрын ынтымақтастық жасаған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесін бағалау сияқты уақыттылығын, міндеттемелерді толық өтуді және т.б. (бар болған жағдайда);
12) материалды-техникалық базаның бар болуы туралы мәлімет;
13) ЭСА-ға тіркеу туралы мәлімет бар болған жағдайда;
14) Тендерге дейінгі екі жыл бұрын корпоративтік табыс салығы бойынша Декларация көшірмелері. Егер соңғы екі жыл бойы салық есебінде шығындар бар болса, қатысушы мұндай тауарларды/қызметтерді (тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу барысында болашақ халықаралық іскерлік әрекеттің тақырыбы) ұсынатын баға туралы негіздеме ұсыну қажет.
2 пакет: Басқа құжаттама:
1) IBM жабдықтарына техникалық қолдау көрсету бойынша қызмет көрсетуге арналған жабдықтың және жүйелік БҚ өндірушісінің авторизациялық хаты;
2) әлеуетті жеткізушінің IBM компаниясымен бірлесіп қызмет көрсетілетіндігі туралы кепілдік хат;
3) IBM жабдықтары бойынша сертификатталған мамандар саны туралы мәлімет (мамандар сертификаттарының көшірмелері);
4) ұсынылатын тауарлар/қызметтер тізімі, ұсынылатын тауарлар/қызметтерді жеткізу тәртібі мен мерзімдері.
Әлеуетті жеткізуші өзінің тендер ұсынысын дайындау және ұсыну бойынша барлық шығындарды өз қаражатынан өтейді және Банк пен тендер комиссиясы осы шығындарға байланысты қандай да бір жауапкершілік алмайды және міндеттемелер атқармайды, тәжірибе жағдайына және тендер нәтижесіне байланыссыз.
Өз кезегінде, Банк Тендер комиссиясы шеттен сыртқы тұлғаларға тендер ұсыныстарының зерттелуі, бағалануы және салыстырылуын айтуға құқылы емес.
«Нурбанк» АҚ тендерді өткізбеу немесе кейінге қалдыруға, немесе өткізілген тендер бұзылғаны туралы тендер ұсыныстарын ұсынған әлеуетті жеткізушілерге білдіруге, жаңа тендер өткізілетін күнді Банк сайтында хабарлауға құқылы, www.nurbank.kz.
Әлеуетті жеткізуші өзінің ұсынысын талдау мерзіміне дейін өзгерту немесе кері шақыру құқығына ие.
Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің қатысуымен өткізіледі немесе қатысушының болуына қарамастан уәкілетті өкіл қатыспаса өткізіледі.
Байланыс тұлғалары:
Құжаттарды жинау мәселелері бойынша Адамбаева Диана Бекдайыровнаға хабарласыңыз.
Тел. 2599 710 вн. 4624 DAdambaeva@nurbank.kz
Қосымша құжаттар топтамасы және техникалық тапсырма мәселелері бойынша Жумадельдинов Алмас Арыстановичқа хабарласыңыз.
Тел. +7 (727) 2 502 998 AZhumadeldinov@nurbank.kz