«Нурбанк» АҚ перифериялык және компьютерлік жабдықтар мен оргтехника сатып алуға ашық тендер жариялайды

«Нурбанк» АҚ перифериялык және компьютерлік жабдықтар мен оргтехника сатып алуға ашық тендер жариялайды

24.08.2013

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нурбанк» АҚ Банктің қажеттілігі үшін перифериялық және компьютерлік жабдықтарды және кеңсе техникаларын сатып алуға ашық тендер жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2013 жылғы 6 қыркүйекте 9:00-де «Нурбанк» АҚ ғимаратында, мекенжайы: Абылай хан даңғылы, 51/53, 5-қабат, үлкен конференц-залға қатысуға шақырады.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) тендерге қатысуға өтініш нысан бойынша, осы хаттың Қосымша 3-не сәйкес қазақша/орысша тілдерінде жасалған;

2) «Нурбанк» АҚ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы ішкі бақылау ережелеріне сәйкес толтырылған заңды тұлғаларға арналған сауалнамалар;

3) құрылтай және тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктердің нотариат куәландырған көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);

4) банктік деректемелерді растайтын, банктен берілген міндеттемесінің мерзімі өткендігі жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;

5) ұйым мөрімен бекітілген жылдық қаржылық есептіліктің көшірмесі, жеке кәсіпкерлер үшін, олардың мөрімен бекітілген салық декларациялары (мөр болған жағдайда);

6) жеткізушінің тіркеу орны бойынша Салық комитетінің салық қарызы жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;

7) жеткізушімен бұрын қызметтес болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің көшірмелері, қызметтестік тәжірибесін бағалау және сипаттау, соның ішінде міндеттемелерді уақытылы, толық орындау және т.б. (бар болған жағдайда);

8) материалдық-техникалық базасының бар болуы туралы мәліметтер;

9) жеткізушінің өкілінің тұлғасын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

10) Тендерге қатысуға уәкілетті тұлғаға жеткізушінің сенімхаты;

11) баға ұсыныстары;

12) жеткізу шарттары, кепілдік қызмет көрсету шарттары, мерзімдер.

13) өтінім берушінің электрондық сауда платформасында тіркелуі туралы мәліметтердің бар болуы (бар болған жағдайда);

14) Тендердің өткізілуіне дейінгі 2 (екі) жылға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жыл үшін салық салуда шығындар болған жағдайда, әлеуетті қатысушы ұсынылатын тауар/қызмет бағасын негіздеуі қажет (халықаралық коммерциялық операция тақырыбы болатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алуға қатысты).

Тендер түрі: ашық:

Сауда басталуы: 06-09-2013 09:00 сағ., мекенжайы: Абылай хан даңғылы, 51-53, 5-қабат, үлкен конференц залы;

Сауда аяқталуы: 06-09-2013 12:00 сағ.;

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 05-09-2013 12:00 сағ., мекенжайы: Абылай хан даңғылы, 51-53;

Жабдықты жеткізушілерге қойылатын талаптар

1)     Тендерге қатысуға жабдықтаушы төмендегі талаптарға сәйкес келуі қажет:

2)     Міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары бар болуы;

3)     Бұрын жасалған келісімшарттар бойынша «Нурбанк» АҚ мен басқа банктер жағынан елеулі шағымдардың болмауы;

4)     Төлем қабілеттілігі болуы, таратуға жатпауы, мүлкіне тыйым салынбауы, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмауы керек;

5)     Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша тендерге қатысу өтінішін берген және сатып алу шарты жасалған уақыттағы міндеттемелерді орындау;

6)     Алматылық, Астаналық, Ақтаулық, Атыраулық, Ақтобелік, Оралдық, Петропавлдық, Шымкенттік, Қарағандылық, Павлодарлық, Қостанайлық, Семеилік, Өскемендік, Талдықорғандық, Көкшетаулық, Тараздық кепілдік қызмет көрсету сервис орталықтарының немесе сервис серіктестері болуы. (атауын, мекенжайын, байланыс деректерін көрсетуі қажет).

7)     Ноутбуктар, көпфункционалды аппараттар, принтерлер, мониторлар, сканерлер секілді техникалық сипаттама тармақтары бойынша әлеуетті жеткізуші жабдық өндіруші компанияның сатылымдар мен қызмет көрсету бойынша уәкілетті серіктесі болуы қажет.

8)     Компьютерлік жабдықтар нарығында әлеуетті жеткізушінің жұмыс істеу мерзімі кем дегенде 3 жыл.

9)     Жеткізу Алматы және аймақтар бойынша ұсынылған кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Тапсырыс берушінің қоймасына тауарды жеткізуге арналған барлық шығындарды жеткізуші өтейді.

Барлық сұрақтар бойынша aalimbetov@nurbank.kz электрондық поштасына хабарласа аласыз

+7 727 250 00 00 ішкі 5072

Қосымша №1 Лот 1 Техникалық сипаттама

Қосымша №2 Лот 2 Техникалық сипаттама

Қосымша №3 Өтініш