«Нурбанк» АҚ, орналасқан мекенжайы: 050004, Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 51–53, серверлік жабдықтарды, деректерді сақтау жүйелерін және VMware vSphere лицензиялық бағдарламалық жасақтамасын, сондай-ақ CRM Terrasoft және Бағдарламалық фискализатор ақпараттық жүйесі жобаларын енгізу үшін аталған жабдық пен бағдарламалық жасақтамаға техникалық қолдауды сатып алуға ашық тендер өткізілетінін хабарлайды.
Тендерге қатысуға өтінімдер запечатанған конвертте «Нурбанк» АҚ мекенжайы бойынша ұсынылады: Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 51–53.
Тендерге осы хаттың 1-қосымшасында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.
Лоттар тізімі:
1. Лот № 1 — серверлік жабдықтар;
2. Лот № 2 — деректерді сақтау жүйелері;
3. Лот № 3 — Vmware vSphere бағдарламалық жасақтамасы.
Тендерге қатысуға қажетті құжаттама тізімі:
1) осы хаттың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгі бойынша тендерге қатысу өтінімі қазақ/орыс тілдерінде;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
(Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркелуге қою туралы куәлік)
3) банк қызмет тағамшысы арқылы алынған, банк реквизиттері мен Банктегі төлем мерзімі өтіп кеткен қарыздың жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
4) заңды тұлғалар үшін соңғы 12 айдағы қаржылық есептіліктің немесе жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері;
5) жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінен алынған салық қарызының жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
6) жеткізуші өкілі — уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
7) тендерге қатысуға уәкілетті адамға берілген жеткізушінің сенімхаты;
8) жеткізушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тендер жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе қатыспауымен өткізіледі. Егер Сіздің уәкілетті тұлғаңыз тендерге қатыспайтын болса.
Тендер құжаттамасын ұсынудың соңғы мерзімі 2013 жылдың 28 тамызында сағат 17:00-де.
Ашық тендер 2013 жылдың 29 тамызында сағат 9:30-да «Нурбанк» АҚ ғимаратында, 050004, Абылай хан көшесі, 51–53 болады.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды Айқұмбеков Ануар Әбдікәрімұлына келесі телефон арқылы алуға болады: 2 599 710 ішкі телефоны 5544 AAikumbekov@nurbank.kz.