Кассалық тораптарды жабдықтауға арналған жабдық сатып алу бойынша ашық тендер

Кассалық тораптарды жабдықтауға арналған жабдық сатып алу бойынша ашық тендер

09.07.2013

POS-терминалдарға қойылатын техникалық талаптар

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ кассалық бөлімдерді жабдықтау үшін құрал-жабдықтар сатып алу ашық тендер жариялайды жəне Қазақстан қалаларындағы филиалдарындағы кассалық бөлімдерді жабдықтау үшін тендерге әлеуетті жеткізушілерді қатысуға шақырады: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал және Шымкент.

Лоттар Тізімі:

1. Лот 1 — Вакуумды ораушы 1 дана;

2. Лот 2 — 3 қалта банкнот сұрыптауыш 3 дана;

3. Лот 3 — Банкнот санаушы 51 дана;

4. Лот 4 — Тиын санаушы 5 дана;

5. Лот 5 — Автоматты валюта детекторы, көп валюта 53 дана;

6. Лот 6 — Ультракүлгін детектор 38 дана.

Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) тендерге қатысуға өтінім белгіленген нысан бойынша, осы хатқа қоса берілген 1-қосымшаға сәйкес орыс/қазақ тілдерінде;

2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігі немесе жеке кәсіпкерді тіркеу куәлігі;

3) әртүрлі мемлекеттік лицензияланатын қызметті жүргізуге лицензия көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа);

4) банктік деректемелерді растайтын қызметші банктен алынған анықтама түпнұсқасы, үміткердің банк алдындағы мерзімі өткен қарызының болмауы, ақша құралдарын басқарусыз болуы;

5) заңды тұлғалар үшін мөрімен куәландырылған қаржылық есептердің көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, мөрдің бар болуы шартында;

6) салықтарды төлеу бойынша берешегінің жоқтығы туралы үміткердің тіркелген орнындағы Салық комитетінен анықтама түпнұсқасы;

7) тәжірибенің уақыты, міндеттемелерді орындау толықтығы жəне т.б. көрсетілген бұрын үміткермен серіктес болған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлер берген құжаттар көшірмесі

8) үміткердің ЭСА тіркелгендігі туралы ақпарат;

9) материалдық-техникалық базаның бар болуы туралы ақпарат;

10) үміткер өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

11) өкілетті тұлғаға Тендерге қатысу үшін үміткердің сенімхаты;

12) бағаны ұсынысы;

13) екі жылға созылған Корпоративті табыс салығы туралы Декларация көшірмелері, егер ұнаған ұсыныс халықаралық сауда операциясының нысаны болып табылатын болса;)

14) табысы заңсыз алынған кірісті заңдастыруға (жуғыштарға) қарсы ішкі бақылау ережелері бойынша анықтама;

15) техникалық қызмет көрсету, кепілдік/кепілдік мерзімі туралы шарттары мен құны.

Тендер түрі: ашық
Сауда басталуы:
2013 жыл 25 шілде Астана уақытымен 09:30, мекен-жайы: Абылай хан даңғылы 51–53, 5-қабат, үлкен конференц-зал.
Сауда аяқталуы: 2013 жыл 25 шілде Астана уақытымен 12:30.
Үсыныстарды қабылдау мерзімі:
2013 жыл 20 шілде Астана уақытымен 17:30, мекен-жайы: Абылай хан даңғылы 51–53.
Нарықтағы жұмыс өтілі: кем дегенде 5 жыл
Көрсетілетін қызмет орталықтары болуы: міндетті
Сертификацияланған мамандардың болуы: міндетті емес
Жеткізу шарттары
: DDP
Төлем шарттары:
30% артық емес
Жеткізу мерзімдері: 30 күнтізбелік күннен артық емес
Кепілдік мерзімі:
18 айдан кем емес

Жеткізуші тендерге қатысады, егер:

1. жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес;

2. барлық қалада, жабдықтарды жеткізу орны болатын, кепілдік және қызмет көрсету орталықтары (сервистік) пункттері болуы;

3. сатып алынатын жабдықтарының жапондық немесе еуропалық өндірушілерден болуы;

4. сатып алынатын жабдықтарды минималды бағамен жеткізуі;

5. сатып алынатын жабдықтарды минималды мерзімде жеткізуі;

6. банк филиалдарына жеткізуді қосымша төлемсіз жүзеге асыруы;

7. Оборудование өндірушілерден немесе дистрибьюторлардан ұсынатын хаттар немесе сертификаттар болуы.

Үміткердің өкілеттігін растау шартымен әлеуетті жеткізушілердің өкілдері ұсыныстар салынған конверттердің ашылуына қатысу мүмкіндігіне ие.

Қосымша ақпарат немесе анықтаманы мынадан алуға болады:
Жангазиева Раушан Костаевна 8 (727) 2 599 710 ішкі 5098, моб. +7 701 292 28 62, rdjangazieva@nurbank.kz;
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Раушан Костаевна Жангазиеваға жіберу өтінеді.