Сервер бөлмесін жабдықтау қызметтерін сатып алу

Сервер бөлмесін жабдықтау қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
24.07.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғылы, 10В
3 қабат, 310 кабинет
14.07.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинақтау

Мерзімі
23.07.2025
Уақыты:
12:00-ге дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы, 10В, 204-кабинет

Тендерге қатысу үшін қызмет көрсетуші әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар

  • қызметтер Техникалық тапсырмаға сәйкес болуы тиіс. Жабдықтың, материалдар мен құрамдас бөліктерінің қажетті санының бар болуы тиіс
  • «Нұрбанк» АҚ-да шот ашу
  • кәсіби құзыреттілігі, мердігерлік келісімшартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы, материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс
  • төлеуге қабілетті, таратылуға жатпайтын болуы тиіс, оның мүлкіне тыйым салынбаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тоқтатылмаған болуы тиіс
  • ықтимал Жеткізуші тендерлік өтінімін дайындау мен беруге байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия тендердің өткізілу сипаты мен қорытындыларына қарамастан, осы шығындар бойынша міндеттемелерді өзіне алмайды және жауап бермейді

Тендерге қатысу үшін қажетті құжат пакеттері

Заңдық құжаттар
  1. белгіленген форма бойынша тендерге қатысу туралы өтінім
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) көшірмелері
  3. мемлекет лицензиялайтын қандай болса да қызмет жүргізу лицензиясының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасы) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялануға жататын болса)
  4. уәкілетті тұлғаның – жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  5. бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  6. жеткізушінің тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға берген сенімхаты
Қаржылық құжаттар
  1. қызмет көрсетуші банктен үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқ екендігін растайтын анықтаманың түпнұсқасы
  2. заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, бір жыл үшін заңды тұлғаларға арналған қаржы есептіліктердің, мөр болған жағдайда мөрмен бекітілген, жеке кәсіпкерлерге арналған салық декларациялардың көшірмелері
  3. жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің салық төлемдері бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы
  4. міндеттемелердің уақытылы, толық орындалуы мен басқаларды (бар болған жағдайда) қоса әріптестік тәжірибесін бағалау мен сипаттамасы бар, жеткізушімен бұрын қызмет істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің көшірмелері
  5. материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы мәліметтер
  6. баға ұсынысы
  7. Тендер өткізілетін алдында 2 (екі) жыл бұрын Корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылда салық есебінде залалдар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың / қызметтің (кейін халықаралық іскерлік операцияның мәні болып табылатын, тауарларды/ жұмыстарды/қызметтерді сатып алу бойынша) негізделген бағаларын беруі қажет
Басқа құжаттар
  1. Жеткізілетін жабдыққа арналған сипаттама және техникалық құжаттама
  2. Жабдықты жеткізу және кепілдік қызмет көрсету шарттары
  3. Жеткізу мерзімдері
  4. Қазақстан Республикасы бойынша сервис орталықтарының болуы (атауын, мекенжайын және байланыс деректерін көрсете отырып ақпарат ұсыну) 

Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.

«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын жібере отырып, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.  

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Бағалық ұсыныстар мен құжаттар пакеті бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Шаяхметов Б.Ж.-ға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7272) 599-710 (ішкі 5672), +7 777 774 0074, bshaykhmetov@nurbank.kz

№1 Қосымша

Қатысуға өтінім