Google, Yandex, META, TikTok жүйелерінде жарнамалық аккаунттарды құру және толықтыру қызметтерін сатып алу

Google, Yandex, META, TikTok жүйелерінде жарнамалық аккаунттарды құру және толықтыру қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
18.09.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғ., 10В
3-қабат, 310-кабинет
02.09.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинау

Мерзімі:
17.09.2025
Уақытқа дейін:
12:00
Мекенжай:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет, іс жүргізу бөлімі

Банктің жарнамалық-ақпараттық материалдарын Google, Яндекс, META, TikTok жүйелерінде (бұдан әрі - Жүйелер) іске қосу және орналастыру үшін аталған Жүйелерде жарнамалық аккаунттар құру және толықтыру қызметтерін сатып алу.

Кезең: 2025 жылдың қазан айы – 2026 жылдың наурыз айы.

Төлеу шарты: алдын ала жасалған келісім шеңберінде өтінім негізінде 100% алдын ала төлеу

Тендер өтінімдерін бағалау өлшемдері:
  • Жеткізушінің сыйақысы мен ҚҚС ескерілген құны
  • Жеткізуші заңды тұлға / жеке кәсіпкер болуы керек
  • Жеткізушінің кәсіби құзыреті мен жұмыс тәжірибесі болуы, Келісімшартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс
  • Жеткізуші төлемге қабілетті болуға, таратылуға жатпауға тиіс, өнім берушінің мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылмауға тиіс
  • Осының алдында жасалған келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ тарабынан кінәрат-талаптары болмауы тиіс
  • Жеткізуші Қазақстан Республикасында тіркелген болуы керек
  • Келісімшарт бойынша «Нұрбанк» АҚ ашылған банктік шоты арқылы өзара есеп айырысуға берген келісімінің растамасын тапсыру керек.

Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар топтамасы

Заңды құжаттама
  1. осы хатқа №1 Қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша қазақ/ орыс тілдерінде тендерге қатысуға өтінім
  2. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері
  3. жеткізушінің өкілі -  уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі
  4. жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхаты
  5. заңды тұлғаның  уәкілетті органының атқарушы органын (басшыны) сайлау (тағайындау) туралы шешімінің нотариалды куәландырылған көшірмелері 
Қаржы құжаттамасы
  1. баға ұсынысы 
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасы
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның бір жылғы қаржы есептілігі
  4. жеткізушінің тіркелген жергілікті Салық комитетінің анықтаманың немесе салық төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы электрондық үзінді көшірмесінің түпнұсқасы
  5. Жеткізушімен қарым-қатынас жасаған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, онда қарым-қатынастың сипаттамасы мен сонымен бірге оның міндеттерін уақтылы және толық орындауға берген бағасы (бар болса) көрсетілуі тиіс
  6. Корпоративтік табыс салығы бойынша Тендер өткізілетін күннен алдынғы 2 (екі) жылдың мағлұмдамасының көшірмесі. Салық есебінде алдынғы екі жылда шығын болған жағдайда қатысушы (кейіннен халықаралық іскерлік операциялардың мәнісі болып табылатын тауар/жұмыс/қызмет сатып алу бойынша) тауардың/қызметтің уәжді құнын ұсынуы қажет)
  7. Келісімшарт бойынша «Нұрбанк» АҚ ашылған банктік шоты арқылы өзара есеп айырысуға берген келісімінің растамасы.

 

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды тендерді өткізу сипатына, оның нәтижесіне қарамастан көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы ол шығыстар бойынша өзіне міндеттеме алмайды.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендер өткізілмейтіні, өткізілетін жаңа күнін көрсете отырып, тендер басқа күнге қалдырылғаны туралы хабарлай отырып, тендерді кейінге қалдыруға немесе өткізуден бас тартуға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы. 

Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса, оның қатысуынсыз өткізіледі.

Құқықтық және қаржылық құжаттамалар топтамасын дайындау мәселелері бойынша Владимир Морозовқа хабарласыңыз: +7 (727) 250-00-00, ішкі 5385, vmorozov@nurbank.kz.

Баға ұсынысы мен өзге де сұрақтар бойынша Наталья Анкудиноваға жүгініңіз: 8 (727) 2-599-710, ішкі 5840; моб. +7 701 224-28-95, nankudinova@nurbank.kz.

Қатысуға өтінім