Тендерді өткізу сәтінде №1 Қосымша (Жүйеге қойылатын функционалдық және техникалық талаптар) мен №2 Қосымшада (Әлеуетті жеткізушілерге критерийлер) көрсетілген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) тендерге жіберіледі.
Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша (электронды) хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, уәкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, әлеуетті өтінім беруші сұратылған құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде asbaimamyrova@nurbank.kz электрондық поштасына жіберуі қажет.
Байланыс тұлғасы: Асем Баймамырова, +7 (727) 259-97-10 (ін. 5627), +7 (707) 344-46-73