Пабликтердің тізімдемесі: Техникалық айрық шамаға сәйкес
Сатылымға шығарылатын өнімдер: кредиттер, депозиттер, ақша аударымдары
Орналастыру жиілігі: апта сайын, 28 жарияланым
Жарнамалық материалдар: баннерлер мен сүйемелдейтін мәтіндерді Банк ұсынады
1) осы хаттың 1-Қосымшасына сәйкес, қазақ/орыс тілдеріндегі, тендерге қатысуға берілген белгіленген формадағы өтініш;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) көшірмелері;
3) жеткізушінің уәкілетті тұлғасы – өкілінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
4) жеткізушінің уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысуға берген сенімхаты;
5) заңды тұлғаның уәкілетті органының атқарушы органды (басшысын) сайлау (тағайындау) туралы шешімі.
1) ұсынған бағасы
2) қызмет көрсететін банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткерде мерзімі кешіктірілген берешектердің жоқ екенін растайтын анықтаманың түпнұсқасы
3) заңды тұлғалардың бір жылғы қаржылық есептілігінің заңды тұлғаның мөрімен расталған көшірмелері
4) жеткізуші тіркелген орын бойынша Салық комитетінің салық төлеуге қатысты берешектердің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
5) үміткермен қарым-қатынас жасаған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, онда қарым-қатынастың сипаттамасы мен сонымен бірге оның міндеттерін (бар болса) уақтылы және толық орындауға берген бағасы көрсетілуі тиіс
6) Тендерге дейінгі 2 (екі) жылдағы Корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмесі. Алдыңғы екі жылдағы салық есебінде шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың/қызметтің бағасының негіздемесін тапсыруы тиіс (кейін халықаралық іскерлік операцияның нысаны болатын тауар/жұмыс/қызмет сатылымдары бойынша)
7) Келісімшарт бойынша есеп айырысу істерін «Нұрбанк» АҚ-да ашылған банктік шот арқылы жүргізуге берген келісімнің растамасы
Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінішін дайындау мен беруге қатысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия тендердің жүргізілу сипаты мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және оған міндеттер жүктелмейді.
«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе өткізілетін жаңа күнді көрсете отырып, кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын жіберу арқылы тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы екенін өз тарабымыздан атап өтеміз.
Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Заңдық және қаржылық құжаттаманы жасақтау мәселелері бойынша Владимир Морозовқа келесі телефон нөмірі арқылы хабарласыңыз: +7 (727) 250 00 00 ішкі: 5385, vmorozov@nurbank.kz
Баға ұсынысына қатысты және басқа да мәселелер бойынша Наталья Анкудиноваға хабарласыңыз: тел.: 8 (727) 2 599-710 ішкі нөм.: 5840, ұялы тел.: + 701 224 28 95, nankudinova@nurbank.kz