Осы тендерді өткізу сәтінде келесі шарттардың талаптарына сәйкес келген заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізуші) тендерге жіберіледі:
Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Барлық сұрақтар бойынша Карина Битебаеваға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 703 02 28, +7 (727) 259-97-10 (ішкі 5498), электрондық пошта: kbitebayeva@nurbank.kz.