Қазақстан Республикасы бойынша сыртқы жарнама конструкцияларында жарнамалық-ақпараттық материалдарды орналастыру қызметтерін сатып алу

Қазақстан Республикасы бойынша сыртқы жарнама конструкцияларында жарнамалық-ақпараттық материалдарды орналастыру қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
15.10.2026
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:00
Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В»
05.10.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
14.10.2026

Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Тендерді өткізуге тендер ұйымдастырушы өтінімін қанағаттандырудың өлшемдері

ҚР бойынша сыртқы жарнама конструкцияларында жарнамалық-ақпараттық материалдарды орналастыру қызметтерін сатып алу

Кезеңі: 2026 жылдың қараша–желтоқсан айлары

Роликтің хронометражы: 10 секунд

Міндетті шарттар: Тапсырыс берушінің таңдауы бойынша локацияны ай сайын ауыстыру.

Географиясы:

  1. Алматы қ., конструкциялардың жалпы саны — 60 дана, оның ішінде:
  • 20 ситиборд, статикалық кескін, өлшемі 3,2 × 2,4 м;
  • 40 LED-экран, өлшемі 3,5 × 2,5 м.
  1. Астана қ. — 42 LED-экран;
  2. Ақтау қ. — 2 LED-экран;
  3. Атырау қ. — 2 LED-экран;
  4. Ақтөбе қ. — 2 LED-экран;
  5. Қарағанды қ. — 2 LED-экран;
  6. Көкшетау қ. — 2 LED-экран;
  7. Қостанай қ. — 2 LED-экран;
  8. Павлодар қ. — 5 LED-экран;
  9. Петропавл қ. — 2 LED-экран;
  10. Талдықорған қ. — 2 LED-экран;
  11. Тараз қ. — 2 LED-экран;
  12. Орал қ. — 2 LED-экран;
  13. Өскемен қ. — 2 LED-экран;
  14. Семей қ. — 2 LED-экран;
  15. Шымкент қ. — 3 LED-экран.

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:

    1. Жеткізуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміндегі, ҚҚС төлеуші заңды тұлға болуы тиіс.
    2. Жеткізуші кәсіби құзыретке және жұмыс тәжірибесіне ие болуы, келісімшартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс.
    3. Жеткізуші төлем қабілетті болуы, таратылу процесінде болмауы, жеткізушінің мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылмауы тиіс.
    4. «Нұрбанк» АҚ-мен бұрын жасалған келісімшарттар бойынша талап-шағымдардың болмауы.
    5. Жеткізуші Қазақстан Республикасында тіркелуі тиіс.
    6. Жеткізушінің Келісімшарт бойынша өзара есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-да ашылған банктік шот арқылы жүзеге асыруға берген келісімі.
    7. Интернет желісінде жарнамалық науқандар жүргізудің оң тәжірибесінің болуы, оны ұйымдардың алғыс хаттарымен растау немесе «Нұрбанк» АҚ-мен ынтымақтастықтың оң тәжірибесінің болуы.
    8. Сыртқы жарнама объектілерінде жарнамалық-ақпараттық материалдарды орналастыру бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы тиіс.
    9. Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды көтереді, ал «Нұрбанк» АҚ және тендерлік комиссия тендердің өткізілу сипатына және нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстар үшін жауапқа тартылмайды және міндеттемелер атқармайды.
    10. Төлем шарттары: 100 % алдын ала төлем.

    Қызметтерді жабу — есепті кезең ішінде Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне Тараптар қол қойғаннан кейін ай сайын жүзеге асырылады.

    Тендерге байланысты / аффилиирленген компаниялардың қатысуға құқығы жоқ.

Заңдық құжаттама
  1. осы хаттың 1-Қосымшасына сәйкес белгіленген үлгі бойынша қазақ/орыс тілдерінде тендерге қатысуға өтінім;
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік);
  3. Жеткізушінің уәкілетті тұлғасы — өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. Жеткізушінің уәкілетті тұлғаға Тендерге қатысуға берген сенімхаты;
  5. заңды тұлғаның атқарушы органын (басшысын) сайлау (тағайындау) туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі;
  6. жарғының көшірмесі, сенімхат, бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, ЖШС құру туралы шешім, ЖШС хаттамалары.
Қаржылық құжаттама
  1. бағаға қатысты ұсыныстар;
  2. үміткердің банктік деректемелерін, сондай-ақ үміткердің банк алдында мерзімі өткен берешегінің жоқ екенін растайтын қызмет көрсететін банктен алынған анықтаманың түпнұсқасы;
  3. заңды тұлғаларға арналған бір жылдық қаржылық есептіліктің заңды тұлғаның мөрімен расталған көшірмелері;
  4. жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің анықтамасының түпнұсқасы немесе салықтарды төлеу бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы электрондық үзінді көшірме;
  5. жеткізушімен бұрын ынтымақтастық жасаған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің көшірмелері, оларда ынтымақтастық тәжірибесіне, оның ішінде міндеттемелерді уақтылы және толық орындауға және басқа да көрсеткіштерге баға мен сипаттама берілуі тиіс (бар болса);
  6. Тендер өткізілетін күннің алдындағы 2 (екі) жыл ішіндегі корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылда салықтық есепте залалдар болған жағдайда, қатысушы ұсынылатын тауардың/қызметтің бағасын негіздеуді ұсынуы қажет (кейіннен халықаралық іскерлік операцияның нысанасы болып табылатын тауарларды/жұмыстарды/ қызметтерді сатып алу бойынша);
  7. Келісімшарт бойынша өзара есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-да ашылған банктік шот арқылы жүзеге асыруға берілген келісімнің растамасы.

Әлеуетті Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды көтереді, ал Банк және тендерлік комиссия тендердің өткізілу сипатына және нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстар үшін жауапқа тартылмайды және міндеттемелерді орындамайды.

«Нұрбанк» АҚ әлеуетті жеткізушілерге тендерлік өтінімдерді ұсынған жағдайда, тендерді өткізу туралы немесе жаңа күнді көрсете отырып, оны ауыстыру туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы тендерді өткізуді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтініміне өзгерістер енгізуге немесе оны қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің қызметтерін ұсынатын уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе уәкілетті тұлға тендерге қатыспаған жағдайда, онсыз өткізіледі.

Заңдық және қаржылық құжаттама жиынтықтарын жасауға қатысты  мәселелері бойынша Морозов Владимирге мына телефон арқылы хабарласу қажет: +7 (727) 250 00 00, ішкі 5385, vmorozov@nurbank.kz

Баға ұсыныстарына және өзге де мәселелерге қатысты Нам Аннаға мына телефондар арқылы хабарласу қажет: 8 (727) 2 599-710 ішкі 5428, ұялы тел. +7 705 715 6267, anam@nurbank.kz