Антифрод Қызметтің операторы

Антифрод Қызметтің операторы

Антифрод қызметі
Алматы
Вакансияға жауап беру

Антифрод жүйесіне түскен инциденттерді мониторинг жасау, одан әрі өңдеу нәтижелерін тіркеу.

Алаяқтық белгілері анықталған жағдайда, сандық арналар арқылы жүзеге асырылатын операцияларды уақытша тоқтату.

Банктің клиенттері жасаған операциялардың шынайылығын Антифрод жүйесінде тіркелген байланыс телефондары көмегімен сәйкестендіру арқылы растау.

Күдік туындаған немесе расталған алаяқтық фактілері болған жағдайда клиенттердің шоттарын, ҚБҚК және төлем карталарын уақытында бұғаттау;

Банктің клиенттері мен жұмыскерлеріне алаяқтыққа қарсы іс-шаралар мен қорғау шаралары бойынша консультация жасау.

Талаптар:

  • Білімі: арнайы орта, аяқталмаған жоғарғы немесе жоғарғы (техникалық, заңдық, ақпараттық қауіпсіздік, АТ бағыттарына басымдылық беріледі).
  • Кәсіптік бағыттағы жұмыс тәжірибесі 1 жылдан көп (басымдық беріледі).
  • Байланыс орталығындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл.
  • Қарсылықтармен және кінәраттармен жұмыс істеу біліктілігі.
  • Ақпараттық жүйелердің жұмысын жалпылай түсінігіне; Way4 мен Colvir жүйелерін білгеніне артықшылық беріледі.
  • Банктік өнімдер мен ішкі ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу қағидаларын түсінуі.
  • Техникалық құжаттарды: техникалық тапсырмаларды, нұсқаулықтарды, актілерді дайындаудағы тәжірибесінің болғаны абзал.

Ілімі мен біліктілігі: - Кейстерді талдау, деректерді талдау, тергеу кейстерін әзірлеу, метрик тәуекелдерін, фрод жүйелерін білу. - Карточка бизнесіндегі (карточкалық процессинг) жұмыс тәжірибесі, Visa, Mastercard төлем жүйелерінің ережелерін, алаяқтық мәселелері бойынша ХТЖ-мен өзара іс-қимыл жасауды білу. - Антифрод жүйелерінің ақпараттық әртүрлі көздермен интеграциялау тәжірибесі. - Сұраныстардың тілдерін (SPL, SQL) түсіну

23.02.2026
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз