Банк қызмет көрсету орталығының бастығы

Банк қызмет көрсету орталығының бастығы

Операциялық қызмет
Өскемен
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

  • Банк қызмет көрсету орталығының (әрі қарай – БКО) жалпы басшылығын жүзеге асыру және филиал ережесіне, ішкі нормативтік құжаттарға және қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз ету. Филиал мен "Нурбанк" АҚ бас кеңсесінің (әрі қарай – Банк) құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекетін қамтамасыз ету.

  • Ұсынылатын банк өнімдерінің / қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету. Ішкі нормативтік құжаттарға және қолданыстағы заң талаптарына сәйкес несие, депозит және операциялық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету.

  • БКО кредит портфелінің сапасына бақылау жасау, қарыздарды уақытылы жіктеу, проблемалық борыштарды қайтару және кепілдік мүліктерді сату жұмыстарын филиалдың заң бөлімшесімен бірлесе отырып бақылау.

Білім:

  • Жоғары қаржылық, экономикалық, техникалық, заңгерлік;
  • (Банк қызметкерлерін ішкі аударымдар кезінде) Жоғары біліктілік.

Жұмыс тәжірибесі:

  • Банк құрылымында кемінде 3 жыл, оның ішінде несие/операциялық қызметтерде;
  • Белгілі бір банк операцияларын жүзеге асыратын қаржылық ұйымдарда кемінде 3 жыл;
  • Банктік құрылымда және қаржылық ұйымда жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, белгілі бір банк операцияларын орындау шартында, жалпы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы керек.

Білімдері:

  • Барлық офис бағдарламаларымен жұмыс істеуге арналған білімдері мен дағдылары.
23.09.2024
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз