Банк ұсынатын қаржылық қызметтерге қажеттіліктерді анықтау мақсатында шағын және орта бизнес клиенттерінің әлеуетті және ағымдағы қызметімен танысу, кәсіби кеңестер, презентациялар өткізу арқылы жаңа шағын және орта бизнес клиенттерін тарту.
Тендерлік, кепілдік құжаттарды рәсімдеу үшін клиенттердің құжаттарын қабылдау және тексеру.
Іскерлік хат алмасуын жүргізу:
Банктің Бас офисіндегі (әрі қарай - БО) бақылаушы құрылымдық бөлімшемен (әрі қарай - ҚБ) / филиалдың басқа бөлімдермен қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері бойынша;
шағын және орта бизнес клиенттерімен қызмет көрсету мәселелері бойынша;
өкілеттіктер шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен;
басқа ұйымдармен / тұлғалармен бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша.
Банк және оның еншілес компаниялары көрсететін қаржылық қызметтердің кешенді пакетін шағын және орта бизнес клиенттеріне сату, соның ішінде коммерциялық несие беру, кепілдік шығару, заңды тұлғалардың депозиттерін тарту, есеп айырысу-кассалық қызметтерден кіріс алу, қашықтықтан банктік қызмет көрсету, сақтандыру және т.с.с.
Шағын және орта бизнес клиенттерінің есепшоттарындағы қалдықтар мен айналымдарды талдау арқылы олардың көлемін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу, шағын және орта бизнес клиенттерінің ағынын болдырмау жөнінде шаралар.
Электрондық банк кепілдіктерін (әрі қарай - ЭБК) тіркеу / құру, ЭБК өзгерістер енгізу және ЭБК қайтаруды (жоюды) порталдарда растау.
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде субсидиялау шарттарын, қосымша келісімдерді, сондай-ақ басқа да құжаттарды / шарттарды / қосымша келісімдерді сәйкестік интернет-ресурстарға қосу / қалыптастыру.
Шағын және орта бизнес клиенттеріне жеке тарифтер / депозит шарттарын белгілеу бойынша қажетті шешімдерді дайындау.
Бөлімнің қызмет бағыты бойынша Қазақстан Республикасы банктік заңнамасы мен Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін білу.
Банктегі шағын және орта бизнес несиелендіру принциптерін білу.
Шағын және орта бизнес несиелендіру өнімдерін білу.
Сату техникасын меңгеру.
Келіссөз жүргізу техникасын меңгеру.
Презентацияларды дайындау және өткізу дағдылары.
Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау және талдау дағдылары.
Мемлекеттік тіл (қалаулы) және орыс тілін білу.
Барлық офис бағдарламаларында жұмыс істеу дағдылары.