Несие менеджері

Несие менеджері

Шағын және орта бизнес
Петропавл
Вакансияға жауап беру

Мiндеттер:

  • ШОБ жаңа клиенттерін тарту: консультациялар, презентациялар өткізу, әлеуетті және қолданыстағы ШОБ клиенттерінің қызметін зерттеу, Банк ұсынатын қаржылық қызметтерге деген қажеттіліктерін анықтау мақсатында;

  • Банк пен Банк еншілес компанияларының көрсететін кешенді қаржылық қызметтер топтамасын ШОБ қарыз алушыларына сату;

  • Қаржыландыру жобасының қаржылық-экономикалық талдауы мен сараптамалық қорытынды дайындау;

  • ШОБ қарыз алушыларының шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарды талдау, ШОБ қарыз алушыларының шоттар бойынша айналымдар мен қалдықтардың мөлшерін ұлғайту шараларын өткізу;

  • Жобалардың қаржылық мониторингі және бекітілген кесте мен Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес мониторингтік есептерді дайындау, ағымдағы және мерзімі өткен займдар бойынша есептерді Кредиттік Комитеттерге уақытылы қарауға ұсыну;

  • Ішкі нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес ШОБ клиенттеріне берілген займдардың мақсатты пайдаланылуын тексеру;

Бiлiмi: 

  1. Жоғары экономикалық/қаржылық/құқықтық/техникалық-экономикалық/менеджмент/математика білімі.
  2. Орта арнайы қаржылық/экономикалық білімі.
  3. Жоғары басқа білімі.

Жұмыс тəжірибесi: 

  1. Банк/қаржы құрылымдарында/микронесиелік ұйымдарда (несие бөлімдері) 6 (алты) айдан кем емес.
  2. Банк құрылымында/микрокредиттік ұйымдарда (несие бөлімдері) 1 (бір) жылдан кем емес, егер басқа жоғары білімі бар болса.

Лауазымдық міндеттемелерін жүзеге асыру үшін қажетті арнайы білімдер:

  1. Банк қызметі бағыты бойынша ҚР банк заңнамасы мен ҰБ нормативтік құқықтық актілерін білу.

  2. Банктегі ШОБ кредиттеу қағидаларын білу.

  3. ШОБ кредиттеу өнімдерін білу.

  4. Сату техникасын меңгеру.

  5. Келіссөз жүргізу техникасын меңгеру.

  6. Презентацияны дайындау және өткізу дағдысы.

  7. Шешім қабылдау үшін ақпаратты жинау және талдау дағдысы.

  8. Мемлекеттік (құпталады), орыс тілдерін білу.

  9. Барлық кеңселік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдылары.
13.12.2024
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз