Банк қызмет көрсету орталығының (бұдан әрі – БҚО) жалпы басшылығын жүзеге асыру және филиалдың ережелеріне, ішкі нормативтік құжаттарға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тұрақты тиімді жұмыстарын қамтамасыз ету. Филиалдың құрылымдық бөлімшелерімен және «Нұрбанк» АҚ-ның Бас офисімен (бұдан әрі – Банк) өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету.
Ұсынылатын банк өнімдері / қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету. Ішкі нормативтік құжаттарға және қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес кредиттік, депозиттік және операциялық қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету.
БҚО кредиттік портфелінің сапасын бақылау, қарыздардың уақытында классификациясы, проблемалық қарыздарды қайтару жұмысы мен кепілді мүлікті іске асыруды бақылауды филиалдың заң бөлімімен бірге жүзеге асыру.
Жоғары қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық;
Банктің ішкі ауыстыру кезінде жоғары білім.
Банк құрылымында кемінде 3 жыл, оның ішінде кредит беру/операциялық қызметте;
Белгілі бір банк операцияларын жүзеге асыратын қаржы ұйымдарында кемінде 3 жыл;
Егер банк құрылымында және қаржы ұйымында жұмыс тәжірибесі бар болса, белгілі бір банк операцияларын жүзеге асыру шартымен, жалпы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.