Банк бөлшек өнімдері мен қызметтерін сату және телефон арқылы сату жолымен жүзеге асыру, бұл банк ішкі базасы және коммуникациялық құралдарды (телефон, Интернет, SMS және т.б.) қолдану арқылы бөлшек банктік өнімдер мен қызметтердің сату арналары – Балама сату арналарын (бұдан әрі - БСА) пайдалануды қамтиды.
Несие өтінішін бастау және клиенттердің бөлшек банктік өнімдер мен қызметтерді сату бойынша өтініштерін өңдеу мақсатында кіріс қоңырауларды қабылдау.
Банктің уәкілетті органы мақұлдаған бөлшек несиелеу өнімдері (классикалық және тауарлық несиелер) бойынша өтініштер мен сату жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету.
Тұтынушыларға балама сату арналары арқылы қызмет көрсету автоматтандырылған үдерістерін сынақтан өткізу және енгізуге қатысу.
Балама сату арналары арқылы қызмет көрсетілген клиенттерді және телефон арқылы сатылымдармен тартылған клиенттерді қадағалауға қатысатын бөлімдердің/филиалдардың жауапты қызметкерлерін оқытуға және кеңес беруге қатысу.
Банк бөлімшелері қызметін реттейтін және балама сату арналары арқылы бөлшек өнімдер сатылымын және клиенттерге қызмет көрсетуді жүзеге асыруға бағытталған ережелік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру.
Банкте қабылданған ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты;
Функционалдық міндеттері аясында өзара әрекет ететін үшінші тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындауын бақылау, соның ішінде бұл талаптарды үшінші тұлғалармен жасалған келісімдерге, шарттарға енгізу арқылы;