Менеджер

Менеджер

Шағын және орта бизнестің клиенттерімен жұмыс істеу бөлімі
Ақтау
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

  • Шағын және орта бизнес (ШОБ) клиенттеріне қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз ету;
  • ШОБ-қа жаңа клиенттер тарту үшін кәсіби консультациялар өткізу, презентациялар жасау, әлеуетті және қолдағы клиенттердің қызметін зерттеу арқылы олардың «Нұрбанк» АҚ (әрі қарай – Банк) ұсынатын қаржылық қызметтерге қажеттілігін анықтау; клиенттерге консультация беру, тендерлік өтінімдер мен кепілдік өтінімдерін рәсімдеу үшін құжаттарын қабылдау және тексеру;
  • ШОБ клиенттерін кеңес беру, тендерлік өтінімдер мен кепілдік өтінімдерін рәсімдеу үшін құжаттарын қабылдау және тексеру;
  • Іскерлік хат алмасуларды жүргізу:
  1. Банктің Бас офисінің (бұдан әрі - ББ) жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесімен/Филиалдың басқа бөлімшелерімен қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері бойынша;
  2. ШОБ клиенттерімен қызмет көрсету мәселелері бойынша;
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өз құзыреті шегінде;
  4. бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша басқа ұйымдармен/тұлғалармен;
  • ШОБ клиенттеріне Банктің және оның еншілес компаниялары көрсететін кешенді қаржылық қызметтер, оның ішінде коммерциялық кредиттеу, кепілдіктер шығару, заңды тұлғалардың депозиттерін тарту, есеп-кассалық қызмет көрсетуден кірістер алу, қашықтан банктік қызмет көрсету, сақтандыру және басқа қызметтер пакетін сату.

 

Білімі:

  • қаржы/экономика/техника-экономикалық/ менеджмент/маркетинг/математика/заң саласындағы жоғарғы/аяқталмаған жоғарғы білім.
  • жоғарғы/аяқталмаған жоғарғы/арнайы орта білім  (іштегі кандидатты көшірген кезде).

 Жұмыс тәжірибесі:

  • «Нұрбанк» АҚ-да оқудан (тағылымдамадан) кемінде  1 (бір) айда өткен жағдайда, жұмыс тәжірибесі талап етілмеуі мүмкін.
  • банк саласында/қаржылық құрылымдарда/микро кредиттік ұйымдарда (кредиттік бөлімшелер) тәжірибесі болған жағдайда, тағылымдама талап етілмейді. 

 Ілімі:

1. Компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, MS Office стандартты пакетінің негізгі бағдарламаларын (қолданушы) білу.

2. Іскерлік қарым-қатынас орнату әдебі жайлы біліктілігі.  

3. Сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу дағдысы.

4. Еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, жұмыстың ішкі тәртібінің ережелерін білу.

22.12.2025
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз