«Нұрбанк» АҚ өңдеу өнеркәсібінде қызмет атқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен несие беру мемлекеттік бағдарламасына қатысатын 13 қазақстандық банктің құрамына кірді. 2014 жылы осы бағдарламаға мемлекеттің 100 млрд теңге бөлінген.
Қаржы Ұлттық Қордан Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бөлініп, Қазақстан экономикасын несие ресурстарымен қолдауға бөлінетін 1 триллион теңгенің алғашқы траншы болып табылады.
Келісім шарттары бойынша бөлінген қаражат алты ай ішінде өңдеу өнеркәсібінде жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталуы тиіс, соңғы қарыз алушыға арналған сыйақы ставкасының минималы - жылына 6%-дан аспайды.
Бөлінген қаражаттың 50%-дан астамы қолданыстағы кәсіпкерлердің несиелерін қайта қаржыландыруға, 50%-ы жаңа жобаларды жүзеге асыруға, оның ішінде 25%-ы азық-түлік өнеркәсібіндегі жобаларға бағытталады.
Банкпен несие беру және қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар, жинақтар және басқа да төлемдер алынбайды.
Бағдарламаның толық шарттарымен «Даму» ҚФ АҚ сайтында www.damu.kz танысуға болады немесе 1408 нөміріне кез келген аймақтан тегін қоңырау шалып, ұялы телефоннан хабарласуға болады.