Жеке дизайн картасы | Өзіңіздің бірегей төлем картаңызды жасаңыз

Жеке дизайн картасы

Барлығынан өзгеше болғысы келетіндерге
Жеке дизайн картасы

Картаның ерекшелігі – фотогалереядан төлем картаңыздың дизайнын таңдауда немесе жеке ерекше дизайныңызбен карта шығаруда еркіндік беру.

карта түрі Visa Gold
есеп-шот валютасы KZT, USD, EUR
карта мерзімі 3 жыл

Жеке дизайндағы барлық карталар үшін серіктес дисконтты клубының желісінде тауарлар мен қызметтердің қолма-қол емес төлемі кезінде 30%-ға дейін жеңілдіктер күшінде.

Картадан ақшаны алу лимиттері

Банкоматтарда қолма-қол ақша алу үшін ең жоғарғы сома

шетелде 2 000 USD
Қазақстанда 2 500 USD

Банктердің кассаларынан POS-терминал арқылы ақша алу үшін максималды сома

шеетелде 5 000 USD
ҚР-да 5 000 USD
РК және шетелде сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында Pos-терминал арқылы тауарлар мен қызметтер үшін төлем 4 000 USD
Интернет-дүкендерде сатып алынған тауарлар мен қызметтер үшін төлем 1 500 USD

Лимит сомасы АҚШ долларында көрсетілген - KZT, EUR баламасы Банк бағамы бойынша. Сіз шектеулерді Nur24.kz мобильді қосымшасында ала аласыз

Жеке дизайнмен картаны қалай ашуға болады

  1. nurpay.kz сайтына кіріңіз
    • Visa Gold таңдаңыз
    • шот валютасын таңдаңыз (KZT, USD, EUR) 
  2. Картаның бірегей дизайнын жасаңыз   
    • суреттерге қойылатын талаптармен танысыңыз
    • галереядан суретті таңдаңыз немесе өз фотосуретіңізді жүктеңіз – Сіздің картаңыздың кескіні пайда болады
    • телефон нөмірін енгізіңіз (суретті тексеру нәтижелері SMS-хабарлама арқылы жіберіледі)
    • аяқталғанда картаның бірегей дизайнының коды шығады, мысалы, NBG80450592
  3. Ең жақын Нұрбанк бөлімшесіне хабарласып, Дизайн кодын менеджерге айтып картаны шығару үшін өтініш толтырыңыз
  4. Картаны шығару үшін комиссия төлеңіз. Картаның дайын болғаны туралы SMS алған кезде, картаны Нұрбанк бөлімшесінен алыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маған карта бойынша сұрақтар туындаса қайда хабарласу керек?

Қоңырау шалыңыз:

Нұрбанк карталарын қалай толтыруға болады?
  • Nur24.kz мобильді қосымшасында:
    • басқа шоттарыңыздан, соның ішінде депозиттерден
    • Қазақстанның басқа банктерінен ашылған карталардан
    • әртүрлі клиенттердің шоттары арасында ішкі банк аударымы.
  • Нұрбанктің Cash-in банкоматтары арқылы

  • Нұрбанктің төлем терминалдары арқылы, сонымен қатар қызмет көрсетілетін жағдайда басқа терминалдар желісі

  • Банк бөлімшелеріндегі кассалар арқылы

  • Басқа банктердің қосымшалары арқылы:

    • қазіргі шоттардан Қазақстанның басқа банктерінде ашылған телефон нөмірі бойынша (СМП)
    • банктердің карталары/шоттарынан Нұрбанктің картасына
    • Alias аударымдары

Нұрбанк банкоматтарының, ТП және бөлімшелерінің картасы Nur24.kz Android үшін Nur24.kz IOS үшін

Nur24.kz арқылы Нұрбанктің карталық шотынан МСП (Жедел аударым жүйесі) қатысушы банктерінің карталарына 10 теңгеге қалай аударым жасауға болады?

Аударым шарттары:

  • МСП аударымдары тек теңгеде ғана қолжетімді

  • аударым жасау үшін тек теңгеде ашылған шоттар (ағымдағы, карталық) қолжетімді

  • аударымды алу үшін Nur24.kz мобильді қосымшасында "Негізгі карта ретінде тағайындау" параметрін орнату қажет: Басты бетте картаңыздың суретін басыңыз, содан кейін «Параметрлер» түймесін басыңыз және «Негізгі карта ретінде тағайындаңыз» - аударымдар таңдалған картаға автоматты түрде аударылады. Егер алушыда бұл параметр картада орнатылмаса, аударым теңгеде қалдығы бар шотқа аударылады. Егер бірнеше шоттағы қалдықтар тең болса, аударым кейінірек ашылған шотқа аударылады

  • аударымдар Nur24.kz мобильді қосымшасында қолжетімді

  • депозит шотынан МСП аударымын жасауға болмайды, тек ағымдағы немесе карталық шотқа қаражат аударғаннан кейін

  • аударым сомасының шектеулері - бір операцияға 500 000 теңге, тәулігіне 1 000 000 теңге, айына 4 000 000 теңге

  • Аударымдар тұтқындығы және басқа да шектеулері бар шоттарға қолжетімсіз

Аударым процесі:

  • аударымдар бөлімін таңдаңыз

  • Банктің хабарламасымен танысыңыз

  • «Басқа банкке» таңдаңыз

  • шотты таңдаңыз

  • қабылдаушының телефон контактілерінен нөмір енгізіңіз/таңдаңыз

  • қабылдаушының банкін таңдаңыз

  • аударым сомасын енгізіңіз

  • қалау бойынша 50 таңбаға дейінгі мәтін

Мен ақша терминал арқылы толтырдым, бірақ олар түскен жоқ. Не істеуге болады?
ПИН-кодты ұмытқан жағдайда не істеу керек?

Карта қайта шығарылады:

  • Картаны қайта шығару үшін Банк бөлімшесіне хабарласыңыз
  • Картаның шығарылғаны туралы SMS хабарламасын күтіңіз
  • Картаны алу үшін бөлімшеге хабарласыңыз

Маңызды! Жаңа ПИН-кодты белсендіру үшін банкоматта ПИН-код енгізу арқылы кез келген транзакцияны жасаңыз.

PIN-кодты қалай өзгертуге болады?

PIN-кодты өзгерту үшін сізге Нұрбанк банкоматына барып, картаны салып, ағымдағы PIN-кодты енгізу қажет:

  • «PIN-кодты өзгерту» тармағын таңдаңыз
  • жаңа PIN-кодты енгізіңіз
  • енгізілген жаңа PIN-кодты растаңыз

Банкомат PIN-кодтың сәтті орнатылғаны туралы түбіртек береді

Банкомат картаңызды «жұтып» алса, не істеу керек?
  • Картамен келеңсіздік болса, оны бұғаттаңыз:

    • Nur24.kz мобильді қосымшасы арқылы

    • Байланыс орталығы арқылы:

      • 2552 (ұялы телефоннан тегін)

  • Картаны Банк бөлімшесінен алыңыз. Өзіңізбен жеке куәлік болу қажет

  • Nur24.kz мобильді қосымшасы арқылы немесе Байланыс орталығы арқылы картаның бұғаттан шығуын алыңыз

Картада қол жетімді соманы қалай тексеруге болады?

Картадағы қол жетімді соманы келесі жолдармен біле аласыз:

  • Nur24.kz ұялы қосымшасында
  • кез келген Нұрбанк банкоматында “Қол жетімді сома” опциясын таңдаңыз
  • 2552 қысқа номеріне хабарласып, менеджерге “Картада қол жетімді сома” қызметін айтыңыз
Карта арқылы аударымдар жасау кезіндегі комиссиялар қандай?
  • 0 теңге – Nur24.kz мобильді қосымшасында ішкі банк аударымы
  • Аударым сомасынан 0,9%, минималды 250 теңге, максималды 750 теңге Нұрбанк картасынан ҚР БВУ картасына Nur24.kz мобильді қосымшасында
  • 10 теңге - басқа банктерде ашылған ағымдағы шоттарға (СМП) телефон нөмірі бойынша Nur24.kz мобильді қосымшасында
  • Басқа банктердің мобильді қосымшаларынан аударымды бастау кезінде 1% + 200 теңге
Басқа ЕДБ ЖА желісінде ақша алу комиссиясы қандай?

2024 жылғы 1 желтоқсаннан кейін ашылған карт-шоттар бойынша:

  • Visa Gold - 500 000 теңгеге дейін - 0 теңге, одан жоғары 0,9%, операция сомасынан, мин. 200 теңге
  • Visa Platinum - 1 000 000 теңгеге дейін, одан жоғары 0,9%, операция сомасынан, мин. 200 теңге
  • Visa Infinite - 5 000 000 теңгеге дейін, одан жоғары 0,9%, операция сомасынан, мин. 200 теңге
  • Visa Diamond - 5 000 000 теңгеге дейін, одан жоғары 0,9%, операция сомасынан, мин. 200 теңге

Ертерек ашылған карт-шоттар бойынша карталардың архивтік тарифтерін қарау қажет.

Қазақстаннан тыс басқа банктердің банкоматтарындағы қолма-қол ақшаны алу үшін қандай комиссия алынады?

2024 жылғы 1 желтоқсаннан кейін ашылған карточкалық шоттар бойынша:

  • Дебеттік карталар бойынша комиссия операциялар сомасының 1,5%-ын құрайды, кем дегенде 1 000 теңге.
  • Бұрын ашылған карточкалық шоттар бойынша тарифтердің мұрағаттық тізімін қарау қажет.
«Сomma блокта» дегеніміз не Nur24.kz мобильді қосымшасында/карточкалық шоттағы үзінді көшірмелерде?

Карточкалық операция екі бөлікке бөлінеді:

  1. Авторизация – операцияны жүргізу үшін карточкалық шотта ақша сомасының бар-жоғын тексеру және осы соманы карточкалық шотта блоктау (40 күнтізбелік күнге дейін). Блокталған сома сізге қол жетімді емес.

  2. Қаржылық құжат – қаржылық құжаттың келіп түсуі (40 күнтізбелік күнге дейін) карточкамен төлем жасаған сауда және қызмет көрсету кәсіпорнына блокталған соманы аудару процесін бастайды.

Сауда және қызмет көрсету кәсіпорны операцияны болдырмаған кезде, блокталған сома сізге пайдалануға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, 2552 нөмірі бойынша бірыңғай Байланыс орталығына хабарласуды сұраймыз.

Нұрбанк картасы бойынша үзінді көшірмені қалай алуға болады?

Карта бойынша үзінді көшірмені Nur24.kz мобильді қосымшасынан ала аласыз:

  • негізгі бетте үзінді көшірме жасалатын картаны басыңыз
  • «Үзінді көшірме» батырмасын басыңыз
  • «Воронка» белгісін басыңыз (жоғары оң жақ бұрышта)
  • үзінді көшірме мерзімін және тілін таңдаңыз, «жүктеу» батырмасын басыңыз

Мөрмен үзінді көшірмені алу үшін банк бөлімшесіне жүгініңіз

IBAN (20-значдық есеп) алу және карта бойынша IBAN есеп ашу жөніндегі хабарлама алу үшін не істеу керек?

Есеп нөмірін / IBAN-ды Nur24.kz мобильді қосымшасынан ала аласыз:

  • басты бетте Сізге IBAN қажет картаны таңдаңыз
  • «Қосымша ақпарат» опциясын басыңыз және «Есеп нөмірі» өрісіндегі есеп нөмірін көшіріп алыңыз.

IBAN туралы мөрмен расталған хабарламаны алу үшін, Банк бөлімшесіне хабарласу қажет.

Карта бойынша айырбастау бағамы қандай?

Карталық операциялар үшін қолма-қол ақшасыз валюта сатып алу/сату бағамы Банктің шешімімен күн сайын белгіленіп, Банктің сайтында (nurbank.kz басты бетіне сілтеме) жарияланады. Карта операциясына арналған блокталған сома қаржы құжатының келіп түскен күніне қарай бағаммен есептеледі.

Мен қосымша картаны аша аламын ба?

Иә, қосымша карталарды ашуға болады, Банк бөлімшесіне өтініш беріңіз. Қосымша карта - карточкалық есепшоттың иесінің отбасы мүшелері мен басқа адамдарға арналған карта, немесе карточкалық есепшот иесіне негізгі картаға қосымша карта ретінде беріледі. Максималды саны 5 картадан аспайды.

Картаны қай жастан бастап ашуға болады?
  • Карталық шот пен картаны 14 жастан бастап қамқоршының келісімімен ашуға болады
  • Қамқоршының карт-шотына қосымша картаны 14 жастан бастап ашуға болады
Кәмелетке толмаған адамға карта ашу үшін қандай құжаттар қажет?

14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағанға картаны ашу үшін қажет:

  • ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірі ақырас және туылу куәлігі / кәмелетке толмағанның паспорты және ата-анасының / заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттары
  • шот ашуға / кәмелетке толмағанға төлем карточкасын беруге рұқсат беру туралы өтінішке қол қою үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің бірі келуі

Кәмелетке толған, паспорты немесе жеке куәлігі бар 18 жастан асқан ҚР резидентіне картаны ашу үшін ата-анасының қатысуы талап етілмейді.

Картаны қалай жабуға болады?

Картаны жабу үшін Банк бөлімшесіне жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болу керек.

Неге карталарға лимиттер қойылған?

Лимиттер сіздің ақшаларыңызды үшінші тараптардың құқыққа қайшы әрекеттерінен қосымша қорғау үшін енгізілген. Бұл ретте Nur24.kz мобильді қосымшасында сіз белгілі бір операцияларды орындауға лимиттерді орната/өзгертеді/алып тастай аласыз:

  1. Карта бойынша лимиттерді орната/өзгертеді/алып тастай аласыз Nur24.kz мобильді қосымшасында:

    • негізгі бетте құрылғысынан лимиттерді орнату/өзгерту/алып тастау үшін картаға басыңыз:

      1. «Лимиттерді», «Өзгерту» басып, операция сомасы мен мерзімдегі операциялар санына қажетті лимиттерді көрсетіңіз

      2. Интернетте операция жүргізу үшін «Интернет транзакция қосу» немесе «Интернет транзакция өшіру» басыңыз

  1. Лимиттерді орната/өзгерту/алып тастай аласыз Контакт орталығына, 2552 нөміріне хабарласып немесе банк бөлімшесіне жүгіну арқылы.

Nur24.kz сайтында аударымдар үшін қандай сома лимиттері бар?

500 000 теңге - бір операция бойынша, 1 000 000 теңге - тәулігіне, 4 000 000 теңге - айына

Интернеттегі төлемдер мен транзакциялар лимитін қалай алып тастауға болады?

Карточка бойынша интернеттегі төлемдер мен транзакцияларды шектеуді сіз Nur24.kz мобильді қосымшасында орната аласыз:

  • Nur24.kz мобильді қосымшасына кіріңіз
  • Қажетті картаны таңдаңыз
  • «Интернет транзакцияларын қосу/өшіру» батырмасын басыңыз
  • Операцияны SMS-код арқылы растаңыз

Лимиттерді орнату/өзгерту/жою үшін 2552 нөміріне хабарласып немесе Банк бөлімшесіне барып, Байланыс орталығы арқылы жасай аласыз.

Егер менің картам ұрланса немесе жоғалса, не істеу керек?

Сізге картаны уақытша бұғаттау қажет:

  • Nur24.kz мобильді қосымшасында - картаны таңдап, «Баптаулар» бөліміне өтіп, «Картаны бұғаттау» операциясын таңдаңыз
  • Байланыс орталығы арқылы, 2552 нөміріне қоңырау шалыңыз
  • Банк бөлімшелеріне хабарласыңыз
Телефоныңызды жоғалтып алған жағдайда, онда орнатылған Nur24.kz мобильді қосымшасымен не істеу керек?

Сізге карталар мен Nur24.kz мобильді қосымшасын уақытша бұғаттау қажет, Байланыс орталығына хабарласып, 2552 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Егер менде ақша алынған болса, бірақ мен бұл операцияларды жүргізбегенімді не істеуім керек?

Егер бөтен адамдар ақшаңызды алған болса, сізге картаңызды уақытша бұғаттау қажет:

  • Nur24.kz мобильді қосымшасында:
    1. Nur24.kz мобильді қосымшасын ашыңыз
    2. негізгі бетте құлыптауды қалаған картаны таңдаңыз
    3. «Параметрлерді» басыңыз
    4. «Картаны бұғаттау» операциясын таңдаңыз
  • 2552 нөміріне қоңырау шалу арқылы Контакт орталығы арқылы
  • Банк бөлімшесі арқылы

Ақшаның алыну себептерін анықтау үшін ең жақын банк бөлімшесіне барып, өтініш жазу қажет.

Менде PIN-кодты қате енгізуге қанша әрекет бар?

PIN-кодты қате енгізуге 3 рет мүмкіндік бар, 3-ші рет қате енгізген кезде карта автоматты түрде бұғатталады.

Егер сіз PIN-кодты есіңізден шығарсаңыз, картаны қайта шығару үшін Банк бөлімшесіне хабарласыңыз.

Нұрбанк банкоматтары/терминалдары/бөлімшелері қай жерде орналасқан?

Банкоматтар мен терминалдардың нақты орналасуын білуге болады:

  • Nur24.kz мобильді қосымшасында - негізгі экранның оң жақ төменгі бұрышындағы «Тағы» бөлімін таңдаңыз, «Банкоматтар мен терминалдар» немесе «Бөлімшелер» батырмасын басыңыз. Қажет болған жағдайда іздеу параметрлерін таңдауға мүмкіндік беретін сүзгіні пайдаланыңыз
  • Банк сайтында www.nurbank.kz немесе сілтеме арқылы өтіп - Банкоматтар картасы
Банкомат ақша бермесе, бірақ есепшоттан алып тастаса, өтінішті қанша уақыт ішінде беруге болады?

Қаражатты қайтару туралы өтінішті кез-келген күнде беруге болады.
Жақын маңдағы Банктің бөлімшесіне 30 күн ішінде өтініш бере аласыз, өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келуіңіз керек.

Сіздің өтінішіңізді Банк қарайтын болады.

Төлем терминалы қайтарым ақша береді ме?

Төлем терминалдары қайтарым ақша бермейді

Депозитті/картаны толтырғанда комиссия алына ма?
  • Банк ішіндегі аударым арқылы ақша жіберуші және алушыдан комиссия алынбайды.
  • Басқа банктерде ашылған карталардан/ағымдағы шоттардан ақша аударғанда, аударым үшін комиссия ақша жіберуші банк тарапынан ұсталады, Нұрбанк шоттарына түсімде Нұрбанк комиссиясы 0 теңгені құрайды.
3-ші тұлғаның картасын толықтыруға бола ма және ол үшін не білу қажет?

Толықтыру үшін қажет:

  • алушының карта нөмірі (картадан картаға аудару үшін)
  • ағымдағы шотқа телефон нөмірі арқылы аударылған жағдайда, алушының телефон нөмірі – СПМ және        ішкі банк аударулары үшін
  • ағымдағы шот нөмірі, ИИН және Нурбанк кассасы арқылы толықтыру үшін алушының деректемелері
  • ағымдағы шот нөмірі, ИИН және басқа банкте ашық ағымдағы шотқа аудару үшін банк деректемелері
Мен картамды жоғалттым немесе оның мерзімі өтіп кетті/өтіп барады. Не істеу керек?

Сізге ең жақын Банк бөлімшесіне жүгініп, картаңызды қайта шығарып ала аласыз. Карта жоғалған/ұрланған жағдайда, қайта шығару үшін комиссия Банк тарифтеріне сәйкес алынады, ал картаның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда, тегін қайта шығарылады.

Шетел валютасында карта шығаруға бола ма?

Иә, сіз картаңызды қазақстандық теңгеде, АҚШ долларында және Еурода шығара аласыз.

Картаны шетелден қалай толтыруға болады?

Карталық шоттың банк деректемелеріне аудару арқылы.

Шетелдегі интернет дүкендерде картамен төлеуге бола ма?

Иә. Сіз Mastercard және Visa халықаралық төлем жүйелері қызмет көрсететін елдерде шетелде сатып алулар жасай аласыз.

Мен картаны қалай бұғаттан шығара аламын, егер оны тапсам/алсам?

Егер карта Nur24.kz мобильді қосымшасы арқылы бұғатталған болса, Банктің бөлімшесіне барып, бұғаттан шығару үшін өтініш беріңіз немесе оны өзіңіз бұғаттан шығара аласыз:

  • Nur24.kz мобильді қосымшасын ашыңыз
  • басты бетте бұғаттан шығарағыңыз келетін картаны таңдаңыз
  • «Параметрлер» батырмасын басыңыз
  • «Картаны бұғаттан шығару» батырмасын басыңыз

Егер Сіз картаны бұрын Банктің бөлімшесі арқылы бұғат тектіңіз болса, карта қайта шығаруды қажет етеді.