Қолданылған автокөлікті сатып алуға автонесие | «Нұрбанк» АҚ шарттары

Пайдаланылған автокөлікке автокредит

Қолданыстағы жеңіл автокөлікті сатып алу мүмкіндігі
Өтінім беру
Пайдаланылған автокөлікке автокредит

Несиенің шарттары

Валюта KZT
Сомасы жылжымалы мүліктің нарықтық құнының 50% дейін, бірақ 10 000 000 ₸ аспайтын
Бастапқы жарна 50%-дан бастап
Мерзім 12-ден 60 айға дейін
Қамтамасыз ету сатып алынатын автокөлік
Берілім кепіл шартын мемлекеттік уәкілетті органда тіркеу негізінде
Сақтандыру кепіл мүлкін сақтандыру міндетті
Несиені алу үшін өтінімді және құжаттарды қарау комиссиясы 0 ₸
Несие ұйымдастыру комиссиясы

несие сомасының 2,5% + 12 000 ₸

0% - комиссиясыз кредиттеу шарттарын таңдау кезінде

Өтінімді қарау мерзімі 3 жұмыс күнінен бастап
Қажетті құжаттар жеке куәлік, сатып алынатын автокөліктің құжаттары*

* Банк қосымша құжаттарды сұрауға құқылы

Сыйақы мөлшерлемелері

  Номиналды мөлшерлеме Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі
Комиссиялармен 25,5% - 27,5% 30,59% - 34,65%
Комиссиясыз 26,5% - 28,5%  30,34%-34,74%

Сыйақы мөлшерлемелері Активтер мен пассивтерді басқару комитетінің шешімімен бекітілген (хаттама №47-11, 17.04.2026 ж.)

Қарыз алушыларға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының азаматы
21 жастан зейнеткерлік жасқа дейін
Автокөліктің пайдалану мерзіміне қойылатын талап
  • Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінде шығарылған - 2 жылдан аспайды
  • Еуропа, Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея секілді алыс шетел елдерінде шығарылған және Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінде құрастырылған - 10 жылдан аспайды
  • Қытайда шығарылған - 5 жылдан аспайды

Алдын ала ай сайынғы төлемді есептеңіз

₸
ай
Алдын ала ай сайынғы төлем
0
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі
0
Артық төлем мөлшері
0

Бұл есептеңіз кредит бойынша ай сайынғы шығындарыңызды бағалау үшін болжамдық есептеу болып табылады және Банктің кредит беру міндеттемесін білдірмейді

Кеңес алу

Кешіктірілген берешекті реттеу және міндеттемелер орындалмаған жағдайда Банктің қолданатын шаралары туралы хабарлаймыз → 

Жиі қойылатын сұрақтар

Кредитті бекіту шешімін кім қабылдайды?

Кепілсіз кредиттерді, соның ішінде кепілсіз кредиттерді сырттай және ішкі қайта қаржыландыруды бекіту туралы шешімді Банктің автоматтандырылған жүйесі қабылдайды.

Кепілдік кредиттерді, кепілді кредиттерді сырттай қайта қаржыландыруды, автокредиттерді және ипотеканы бекіту туралы шешімді уәкілетті алқалық орган қабылдайды.

Банк менеджерлері мен қызметкерлері бұл процеске қатыспайды және шешімге әсер ете алмайды. Әр жағдайда шешім жеке қабылданады және сіздің кредиттік тарихыңыз бен төлем қабілетіңізге байланысты.

Қарызды өтеу тәсілдері
  1. Банктің мобильді қосымшасында ағымдағы шотты толықтыру .

«Шоттар» бөлімінде қажет шотты таңдап, Nurbank картасынан толықтыруды басу.

  1. «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, комиссиясыз.

Несиені «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде өтеуге болады, комиссия алынбайды.

  1. Шоттың деректемелері бойынша басқа Банктерден аударым жасау арқылы.

Комиссия жіберуші-банктің тарифтеріне сәйкес ұсталады.

Шоттың деректемелерін Банктің мобильді қосымшасынан көруге болады.

Операцияны қалай орындау керек:

  • "Шоттар" бөлімінде қажетті шотты таңдаңыз
  • «Қосымша ақпарат» бөлімінен шот нөмірін көшіріңіз
  • Аударымды жіберу кезінде төлемнің тағайындалу кодын (ТТК) көрсетіңіз: 343 (клиенттердің бір банктегі ақшасын өзінің ағымдағы шотынан басқа банктегі өзінің ағымдағы шотына аударуы)
  1. Банктің кез келген бөлімшесінде қолма-қол ақшамен төлеу арқылы Банктің кассасы арқылы өтеу.
Кредитті қандай мерзімге ресімдеуге болады?
  • Кепілсіз кредит, кепілсіз кредиттерді сырттай және ішкі қайта қаржыландыру — 12 айдан 60 айға дейін
  • Кепілдік кредит, кепілді кредиттерді сырттай қайта қаржыландыру — 10 жылға дейін
  • Жаңа және пайдаланылған автокөлікке автокредит — 12 айдан 60 айға дейін
  • Ипотека — 24 айдан 240 айға дейін
  • «Нұр Шанырақ» ипотекасы — 240 айға дейін
  • Құрылысшы компаниялармен ынтымақтастық шеңберіндегі ипотека — 12 айдан 240 айға дейін
Қандай сомаға кредит ресімдеуге болады?
  • Кепілсіз кредит — 500 000-нан 7 000 000 ₸-ге дейін
  • Кепілсіз кредиттерді сырттай және ішкі қайта қаржыландыру — 7 000 000 ₸-ге дейін
  • Кепілдік кредит — кепіл құнының 80%-ына дейін, бірақ 70 000 000 ₸-ден аспайды
  • Кепілді кредиттерді сырттай қайта қаржыландыру — 70 000 000 ₸-ге дейін
  • Ипотека, құрылысшы компаниялармен ынтымақтастық шеңберіндегі ипотека — Банктің уәкілетті органы бекіткен мүлік құнының 80%-ына дейін, бірақ 70 000 000 ₸-ден аспайды
  • «Нұр Шанырақ» ипотекасы — Банктің уәкілетті органы бекіткен мүлік құнының 90%-ына дейін
Қазақстан Республикасының резиденті емес адамға кредит рәсімдеуге бола ма?

Қарыздар тек Қазақстан Республикасының резиденттері үшін қарастырылып, рәсімделеді. Банк тұруға ықтиярхаты бар Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға қарыз беру мүмкіндігін қарастырады.

Несие алу үшін ең төменгі ай сайынғы табыс қандай болуы керек?

Расталған кіріс кемінде 150 000 (жүз елу) мың теңге болуы керек. Әрбір нақты жағдайда шешім жекелей қабылданады және несие тарихының сапасына және төлем қабілетіңізге байланысты болады.

Мен несиені бірнеше ай бұрын төлеу үшін ақша сала аламын ба?

Иә. Бұл жағдайда өтеу төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Несие алу үшін қандай құжаттар қажет?

Кепілсіз қарыздар бойынша:

  • Жеке куәлік. 

Кепілмен қамтамасыз етілген несиелер бойынша:

  • Жеке куәлік;
  • Кепіл құжаттары.

* Банк қосымша құжаттар сұратуға құқылы.

Несиенің алғашқы төлемі қай күнге келеді?

Несиенің алғашқы төлемінің күнін Nur24.kz қосымшасы арқылы және несие келісім шартының төлем кестесінде біле аласыз.

Несие бойынша мерзімінен бұрын (толық/жартылай) өтеуге комиссия (айыппұл) бар ма?

Жоқ, мерзімінен бұрын несиені өтеуге комиссия жоқ. Сонымен бірге, ішінара мерзімінен бұрын өтеу сомасы 3 (үш) айлық төлемдерден кем болмауы тиіс. Ішінара мерзімінен бұрын өтеу саны шектелмеген.

Мен несие қарызын мобильді қосымша арқылы мерзімінен бұрын төлей аламын ба?

Жоқ. Ол үшін банкінің кредит менеджеріне хабарласуыңыз қажет

Несие шарттарын өзгертуге өтінішті қалай беремін?

Несие шарттарын өзгертуге өтініш беру үшін несие менеджеріне хабарласуыңыз қажет.

Толық мерзімінен бұрын өтеуді қалай жүзеге асыруға болады?

Ол үшін алдын ала өтеу шарттары мен сомасын нақтылау үшін Банктің несие менеджеріне хабарласуыңыз қажет.

Төлем терминал арқылы жасалды, бірақ техникалық ақау болды және ақша шотқа түспеді. Не істеу керек?

Банктің ең жақын бөлімшесіне хабарласып немесе 2552 нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау шалу қажет. Техникалық ақау расталған соң және ақша кредит шотына есептелгеннен кейін, төлем кесте бойынша жабылады, айыппұл (бар болса) жойылады және оң кредиттік тарих сақталады.

Банктің тарифтерімен қалай танысуға болады?

Тарифтер

Кредит төлемін уақытында төлеуге қаражат жеткіліксіз болса, қанша сома төлеу қажет?

Ай сайынғы төлем сомасын Nur24.kz мобильді қосымшасынан, сондай-ақ несиелік келісімдегі төлем кестесінен біле аласыз.

Банк қарыз алушыға кешіктірілгені туралы қай уақытта хабарлайды?

Банк міндеттемелерді орындау кешеуілдеуінің және төлемдер енгізу қажеттілігінің туындағаны туралы ескерту жіберіп тұрады, бұл туралы банктік қарыз шартында көрсетілген тәсілмен кешіктірілмей, оның туындаған күнінен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей.

Егер мен ДБЗ бойынша төлемді уақытында өтемесем не болады?

Төлемнің кешіктірілуі Сіздің несие тарихыңызға теріс әсер етуі мүмкін. Несиеңізді уақытында өтеуді ұмытпаңыз. Несие бойынша төлемнің кешіктірілуі кезінде Банк қолданыстағы банктік қарыз келісімінің шарттарына сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдар салады.

Егер менде кешіктіру пайда болса не істеуім керек?

Біз сізге кешіктірілген қарызды өтеуді ұсынамыз.

Телефон нөмірі/тіркеу мекенжайы/тұратын мекенжай өзгерсе не істеу керек?

Жеке деректеріңізді жаңартуыңыз қажет. Банк бөлімшесіне барыңыз немесе бұл туралы Банкке жазбаша хабарлаңыз.

Банк бөлімшелері

Кредитті Nur24.kz арқылы онлайн ресімдеуге бола ма?

Жоқ. Қазіргі уақытта барлық кредиттер Банк бөлімшелері арқылы ресімделеді.

Кредитті қай жастан бастап ресімдеуге болады?

21 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейін.