Несие валютасы | KZT |
Несие сомасы | 150 000-нан 7 000 000 ₸ дейін |
Несие мерзімі | 12-ден 60 айға дейін |
Несиені ұйымдастыру комиссиясы | 5 000 теңгеден бастап |
Несие өтінімін және құжаттарын қарастыру комиссиясы | 0 теңге |
Өтінімді рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізімі | Жеке куәлік* |
* Банк қосымша құжаттарды сұратуға құқылы
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі | Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі | |
Комиссиялармен | 27,0% - 30,0% | 30,7% - 45,4% |
Комиссияларсыз | 37,5% | 44,6% |
Сыйақы мөлшерлемелері Активтер мен пассивтерді басқару комитетінің шешімімен бекітілген (№147-1 хаттама 22.11.2024 ж.)
**Бұл есеп ай сайынғы несие шығындарыңызды бағалау үшін болжамды және банктің несие беру міндеттемесі болып табылмайды
Қарыз алушы банк қарызы туралы келісім бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда және Банк келісім бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы хабарлама негізінде туындаған талаптарды қарыз алушы қанағаттандырмаған жағдайда, банк келесі шараларды қолдануға құқылы екенін еске саламыз:
Банктің қолданатын жоғарыда көрсетілген шараларынан туындаған жауапкершілікпен қатар, қарыз алушы банк қарызы туралы келісімнің шарттарын бұзу үшін, оның ішінде сақтандыру шартының жаңартылуы немесе ұзартылуы, қарыздың мақсатты пайдалануы бойынша міндеттемелер және басқа ақшалай емес міндеттемелердің бұзылуы үшін банк қарызы туралы келісімде анықталған мөлшерде айыппұл (айып, пеня) төлейді, сондай-ақ банкке қарыз алушының банк қарызы туралы келісім бойынша міндеттемелерді бұзуы және қарызды өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудан туындаған барлық шығындарды толығымен өтейді.
Қарыз алушы жеке тұлға болса, банк қарызы туралы келісім бойынша міндеттемені орындамау мерзімінің басталғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде Банкке келіп және/немесе жазбаша түрде немесе Келісімде қарастырылған тәсілмен мерзімді орындамау себептері, кірістер және өзге расталған жағдайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын Келісім шарттарын өзгерту туралы өтініш бере алады, Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес. Сонымен қатар, қарыз алушының өтінішін – жеке тұлғаның өтінішін 36-баптың 1-1-тармағына сәйкес Банк алған күннен кейін он бес күнтізбелік күн ішінде, жазбаша түрде немесе Келісімде қарастырылған тәсілмен, қарыз алушыға – жеке тұлғаға хабарлайды:
Банк бас тарту туралы шешімін алған немесе Келісім шарттарын өзгертуде өзара келісілген шешімге қол жеткізбеген жағдайда, қарыз алушы – жеке тұлға Банк шешімін алған күннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хабарландыру жіберуімен бірге хабарлай алады. Банктің Келісім бойынша төлемдер жасау қажеттігі туралы талап етілген, оның ішінде мерзімінен асып кеткен қарыз бойынша төлемдер бойынша қарыз алушының орындалмаған жағдайында, Банктер туралы заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес, Банк Банктер туралы заңмен қарастырылған шектеулерді ескерумен қарыз алушының банктік шоттарындағы, сондай-ақ қарыз сомасын өндіріп алу, төлем талаптарын қою секілді басқа да шараларды даусыз тәртіпте жүзеге асыруға құқылы.
Қарыз алушы Банктің Келісім бойынша төлемдер жасау қажеттігі жөніндегі талаптарын орындамаған жағдайда, оның ішінде мерзімінен асып кеткен қарыз бойынша төлемдер, сондай-ақ, Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында қарастырылған қарыз алушы – жеке тұлғаның құқықтарын жүзеге асырмау немесе Келісім шарттарын өзгертуде қарыз алушы – жеке тұлға мен Банк арасында келісімнің болмауы жағдайында, Банктер туралы заңның 36-бабының 2-1-тармағына сәйкес, Банк Қазақстан Республикасы заңнамасында және/немесе Келісімде қарастырылған шараларды қолдануға, олармен шектелмей, қарызды коллекторлық агенттікке сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу үшін (мұндай Банктік құқық Келісімде қарастырылған жағдайда) беру, Келісім бойынша құқықты (талапты) беру, 36-1-баптың 4-тармағында көрсетілген тұлғаға, қарыз бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы сотқа шағымдану, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй мүлкіне ипотекалық несие туралы» Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, соттан тыс өндіріп алу үшін өтініш беру.
Кепілсіз несиелерді бекіту туралы шешімді Банктың автоматтандырылған жүйесі немесе уәкілетті алқалық орган қабылдайды. Банк менеджерлері мен қызметкерлері бұл процеске қатыспайды және шешімге әсер ете алмайды. Әр жағдайда шешім жеке қабылданады және сіздің кредиттік тарихыңыз бен төлем қабілетіңізге байланысты.
Төлемді Nur24.kz мобильді қосымшасы арқылы, Нұрбанк терминалдарында, сондай-ақ Банктің бөлімшелеріндегі кассалар арқылы жүзеге асыруға болады.
Ең аз мерзім — 12 ай, ең ұзақ мерзім — 60 ай.
Сыртқы қайта қаржыландырудың максималды сомасы 7 000 000 теңгеге дейін.
Қарыздар тек Қазақстан Республикасының резиденттері үшін қарастырылып, рәсімделеді. Банк тұруға ықтиярхаты бар Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға қарыз беру мүмкіндігін қарастырады.
Расталған кіріс кемінде 150 000 (жүз елу) мың теңге болуы керек. Әрбір нақты жағдайда шешім жекелей қабылданады және несие тарихының сапасына және төлем қабілетіңізге байланысты болады.
Иә. Бұл жағдайда өтеу төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Кепілсіз қарыздар бойынша:
Кепілмен қамтамасыз етілген несиелер бойынша:
* Банк қосымша құжаттар сұратуға құқылы.
Несиенің алғашқы төлемінің күнін Nur24.kz қосымшасы арқылы және несие келісім шартының төлем кестесінде біле аласыз.
Жоқ, мерзімінен бұрын несиені өтеуге комиссия жоқ. Сонымен бірге, ішінара мерзімінен бұрын өтеу сомасы 3 (үш) айлық төлемдерден кем болмауы тиіс. Ішінара мерзімінен бұрын өтеу саны шектелмеген.
Жоқ. Ол үшін банкінің кредит менеджеріне хабарласуыңыз қажет
Несие шарттарын өзгертуге өтініш беру үшін несие менеджеріне хабарласуыңыз қажет.
Ол үшін алдын ала өтеу шарттары мен сомасын нақтылау үшін Банктің несие менеджеріне хабарласуыңыз қажет.
Банктың ең жақын бөлімшесіне хабарласып немесе 2552 нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау шалу қажет. Техникалық ақау расталған соң және ақша кредит шотына есептелгеннен кейін, төлем кесте бойынша жабылады, айыппұл (бар болса) жойылады және оң кредиттік тарих сақталады.
Ай сайынғы төлем сомасын Nur24.kz мобильді қосымшасынан, сондай-ақ несиелік келісімдегі төлем кестесінен біле аласыз.
Банк міндеттемелерді орындау кешеуілдеуінің және төлемдер енгізу қажеттілігінің туындағаны туралы ескерту жіберіп тұрады, бұл туралы банктік қарыз шартында көрсетілген тәсілмен кешіктерілмей, оның туындаған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей.
Төлемнің кешіктірілуі Сіздің несие тарихыңызға теріс әсер етуі мүмкін. Несиеңізді уақытында өтуді ұмытпаңыз. Несие бойынша төлемнің кешіктірілуі кезінде Банк қолданыстағы банктік қарыз келісімінің шарттарына сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдар салады.
Біз сізге кешіктірілген қарызды өтеуді ұсынамыз.
Жеке деректеріңізді жаңартуыңыз қажет. Банк бөлімшесіне барыңыз немесе бұл туралы Банкке жазбаша хабарлаңыз.
Жоқ. Қазіргі уақытта барлық несиелер Нұрбанк бөлімшелері арқылы ресімделеді.
Иә, Нұрбанк екінші тұрғын үй сатып алуға арналған Банктің өз ипотекалық несие бағдарламасын ұсынады.
Кепіл мүлкінің бастапқы бағасын тәуелсіз бағалау ұйымдары жүргізеді. Қайталама бағалауды Банк филиалдарының бағалау қызметі тәуелсіз сарапшы жүргізген бағалаудың дұрыстығын анықтау үшін кепіл мүлкінің тұрған жеріне барып жүзеге асырады.
Иә, Банк басқа банктердегі қарыздар бойынша қайта қаржыландыруды жүзеге асырады, егер несие бойынша төлем мерзімі кешіктірілмесе. Қайта қаржыландыру үшін жақын бөлімшеге жүгіну қажет.
21 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейін.
Иә, біздің Банк бірнеше автонесие бағдарламаларын ұсынады:
Серіктес автосалондарда жаңа автокөлік алу үшін;
Қолданылған автокөлік алу үшін.
Несие өтінішін қарау үшін Сізге Банк бөлімшесіне жүгіну қажет.