Валюта | KZT |
Сомасы | 150 000 - 7 000 000 ₸ |
Мерзімі | 9 - 60 ай |
Несиені ұйымдастыру комиссиясы | 6% несиеден + 5 000 ₸ |
Займ алуға өтінішті қарау және құжаттарды тексеру комиссиясы | 0 ₸ |
Өтінішті қарау мерзімі |
15 минуттан бастап |
Қажетті құжаттар |
жеке куәлік* |
* Банк қосымша құжаттарды сұрауға құқылы
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі | Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі | |
Комиссиялармен | 21,8% - 26,0% | 26,3% - 43,1% |
Комиссиясыз | 37,5% | 44,6% |
Сыйақы мөлшерлемелері активтер мен пассивтерді басқару комитетінің шешімімен бекітілген (№147-1 хаттама 22.11.2024 ж.)
Бұл есептеу несие бойынша ай сайынғы шығындарыңызды шамамен бағалау үшін жасалады және Банктің несие беруге міндеттемесі болып табылмайды.
Егер қарыз алушы банк қарызы шарты бойынша міндеттемелерін бұзса және банк қарызы шарты бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы Банктің хабарламасынан туындайтын талаптарын орындамаса, Банк келесі шараларды қолдануға құқылы екенін еске саламыз:
Банктің жоғарыда аталмыш шараларынан туындайтын жауапкершілікпен қатар, қарыз алушы банк қарызы шарты бойынша кепіл затының сақтандыру міндеттемелерін бұзғаны үшін, соның ішінде сақтандыру келісімін ұзарту немесе жаңарту бойынша міндеттемелерді, кредиттің мақсатты пайдаланылу міндеттемесін және басқа шартта көзделген арнайы талаптарды бұзу үшін келісімде көрсетілген айыппұл төлеуге міндетті, сондай-ақ қарыз алушының банк қарызы шарты бойынша міндеттемелерін бұзу және берешекті өндіріп алу іс-шараларын жүзеге асырумен байланысты барлық шығындарды, неустойка сомасынан асып кететін толық сомада өтеледі.
Егер қарыз алушы жеке тұлға болса, онда ол банк қарызы шарты (ары қарай - Келісім) бойынша міндеттемені орындау мерзімі өтіп кеткен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Банкке барып және/немесе Келісімде көзделген тәсіл бойынша жазбаша түрде өтініш тапсыруға, оның ішінде міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу себептері, кірістер және басқа расталған деректер (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын мәлімдеме беруге құқылы екенін хабарлаймыз. Осы ретте, заңның 36 бабының 1-1 тармағына сәйкес Келісім шарттарына өзгерістер енгізу туралы мәлімдемені алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Банк қарыз алушы жеке тұлғамен ұсынылған Келісімнің шарттарын қарастырып, оны қарыз алушы жеке тұлғаға жазбаша түрде немесе Келісімде көзделген тәсіл бойынша хабарлайды:
Банк тарапынан Келісім шарттарын өзгертуді бас тарту немесе Келісім шарттарын өзгертуде қабылданған екі тарапқа да қолайлы шешім болмауы жағдайында, қарыз алушы жеке тұлға Банк қаулысын алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігіне және бір уақытта Банкті хабардар ете отырып өтініш беруге құқылы. Егер қарыз алушы Келісім шарттарына сәйкес Банктің төлемдерді, оның ішінде мерзімі өткен қарызды төлеу туралы талабын қанағаттандырмаса, банктер туралы заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес, Банк берзада (егер мұндай өндіріп алу Келісімде қарастырылған болса) қарыз алушының банктік есепшоттарында бар ақша қаражаттарын, оның ішінде төлем талаптарын жолдау арқылы өндіруге құқылы, ал банктер туралы заңмен қарастырылған шектеулер ескерілуі тиіс.
Банктің Келісім бойынша төлемдерді енгізу қажеттілігі, оның ішінде мерзімі өткен қарыздары барлығы туралы талабы қанағаттандырылмаса, сондай-ақ жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көзделген құқықтарды пайдаланбаған жағдайда немесе Келісім шарттары бойынша өзгерістер енгізу кезінде жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы мен Банк арасында келісім болмаған кезде, банктер туралы заңның 36-бабының 2-1-тармағына сәйкес Банк қарыз алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасы және/немесе Келісімде көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде, сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллектор агенттігіне беруге (мұндай құқық Банкте болған жағдайда), 36-1-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғағы құқығын (талабын) Келісім бойынша тапсыруға, сотқа Келісім бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арыз беруге және кепілге салынған мүлікке өндіріп алу шараларын қолдануға, егер "Жылжымайтын мүлікті ипотека" туралы Қазақстан Республикасының заңында қарастырылған жағдайлар жоқ болса, сот арқылы да өндiрiп алуға құқылы.
Кепілсіз несиелерді бекіту туралы шешімді Банктың автоматтандырылған жүйесі немесе уәкілетті алқалық орган қабылдайды. Банк менеджерлері мен қызметкерлері бұл процеске қатыспайды және шешімге әсер ете алмайды. Әр жағдайда шешім жеке қабылданады және сіздің кредиттік тарихыңыз бен төлем қабілетіңізге байланысты.
Төлемді Nur24.kz мобильді қосымшасы арқылы, Нұрбанк терминалдарында, сондай-ақ Банктің бөлімшелеріндегі кассалар арқылы жүзеге асыруға болады.
Ең аз мерзім — 12 ай, ең ұзақ мерзім — 60 ай.
Сыртқы қайта қаржыландырудың максималды сомасы 7 000 000 теңгеге дейін.
Қарыздар тек Қазақстан Республикасының резиденттері үшін қарастырылып, рәсімделеді. Банк тұруға ықтиярхаты бар Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға қарыз беру мүмкіндігін қарастырады.
Расталған кіріс кемінде 150 000 (жүз елу) мың теңге болуы керек. Әрбір нақты жағдайда шешім жекелей қабылданады және несие тарихының сапасына және төлем қабілетіңізге байланысты болады.
Иә. Бұл жағдайда өтеу төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Кепілсіз қарыздар бойынша:
Кепілмен қамтамасыз етілген несиелер бойынша:
* Банк қосымша құжаттар сұратуға құқылы.
Несиенің алғашқы төлемінің күнін Nur24.kz қосымшасы арқылы және несие келісім шартының төлем кестесінде біле аласыз.
Жоқ, мерзімінен бұрын несиені өтеуге комиссия жоқ. Сонымен бірге, ішінара мерзімінен бұрын өтеу сомасы 3 (үш) айлық төлемдерден кем болмауы тиіс. Ішінара мерзімінен бұрын өтеу саны шектелмеген.
Жоқ. Ол үшін банкінің кредит менеджеріне хабарласуыңыз қажет
Несие шарттарын өзгертуге өтініш беру үшін несие менеджеріне хабарласуыңыз қажет.
Ол үшін алдын ала өтеу шарттары мен сомасын нақтылау үшін Банктің несие менеджеріне хабарласуыңыз қажет.
Банктың ең жақын бөлімшесіне хабарласып немесе 2552 нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау шалу қажет. Техникалық ақау расталған соң және ақша кредит шотына есептелгеннен кейін, төлем кесте бойынша жабылады, айыппұл (бар болса) жойылады және оң кредиттік тарих сақталады.
Ай сайынғы төлем сомасын Nur24.kz мобильді қосымшасынан, сондай-ақ несиелік келісімдегі төлем кестесінен біле аласыз.
Банк міндеттемелерді орындау кешеуілдеуінің және төлемдер енгізу қажеттілігінің туындағаны туралы ескерту жіберіп тұрады, бұл туралы банктік қарыз шартында көрсетілген тәсілмен кешіктерілмей, оның туындаған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей.
Төлемнің кешіктірілуі Сіздің несие тарихыңызға теріс әсер етуі мүмкін. Несиеңізді уақытында өтуді ұмытпаңыз. Несие бойынша төлемнің кешіктірілуі кезінде Банк қолданыстағы банктік қарыз келісімінің шарттарына сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдар салады.
Біз сізге кешіктірілген қарызды өтеуді ұсынамыз.
Жеке деректеріңізді жаңартуыңыз қажет. Банк бөлімшесіне барыңыз немесе бұл туралы Банкке жазбаша хабарлаңыз.
Жоқ. Қазіргі уақытта барлық несиелер Нұрбанк бөлімшелері арқылы ресімделеді.
Иә, Нұрбанк екінші тұрғын үй сатып алуға арналған Банктің өз ипотекалық несие бағдарламасын ұсынады.
Кепіл мүлкінің бастапқы бағасын тәуелсіз бағалау ұйымдары жүргізеді. Қайталама бағалауды Банк филиалдарының бағалау қызметі тәуелсіз сарапшы жүргізген бағалаудың дұрыстығын анықтау үшін кепіл мүлкінің тұрған жеріне барып жүзеге асырады.
Иә, Банк басқа банктердегі қарыздар бойынша қайта қаржыландыруды жүзеге асырады, егер несие бойынша төлем мерзімі кешіктірілмесе. Қайта қаржыландыру үшін жақын бөлімшеге жүгіну қажет.
21 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейін.
Иә, біздің Банк бірнеше автонесие бағдарламаларын ұсынады:
Серіктес автосалондарда жаңа автокөлік алу үшін;
Қолданылған автокөлік алу үшін.
Несие өтінішін қарау үшін Сізге Банк бөлімшесіне жүгіну қажет.