Урегулирование просроченной задолженности

Урегулирование просроченной задолженности

Кешіктірілген берешекті реттеу және міндеттемелер орындалмаған кездегі Банктің шаралары

Егер қарыз алушы жеке тұлға болса, онда ол Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 61-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес, банктік қарыз келісімшарты (бұдан әрі – Келісімшарт) бойынша міндеттемені орындау мерзімін кешіктірген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Банкке келуге және (немесе) жазбаша нысанда және (немесе) банктік қарыз келісімшартында көзделген өзге де тәсілмен Келісімшарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу себептері, кірістері және Келісімшарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтініш ұсынуға құқылы.

Бұл ретте Банктер туралы заңның 61-бабының 2-тармағында көзделген қарыз алушы – жеке тұлғаның өтініші Банкке келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Банк қарыз алушы ұсынған Келісімшарт шарттарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды қарайды және банктік қарыз келісімшартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ цифрлық объектілер арқылы қарыз алушыға жазбаша түрде төмендегілердің бірі туралы хабарлайды:

  1. Келісімшарт шарттарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;
  2. Келісімшарт шарттарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары туралы;
  3. Келісімшарт шарттарын өзгертуге бас тартатыны туралы, мұндай бас тартудың себептері көрсетілген дәлелді негіздемемен.

Егер Банктің Келісімшарт шарттарын өзгертуге бас тарту туралы шешімін алса немесе Келісімшарт шарттарын өзгерту бойынша өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмесе, қарыз алушы – жеке тұлға осындай шешімді алған күннен бастап он бес күн ішінде банк омбудсманына жүгінуге құқылы.

Егер қарыз алушы Банктің Келісімшарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі кешіктірілген берешекті енгізу қажеттігі туралы талабын орындамаса, Банктер туралы заңның 61-бабының 10-тармағына сәйкес Банк Банктер туралы заңда көзделген шектеулерді ескере отырып, қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны, оның ішінде төлем талабын қою арқылы даусыз тәртіппен өндіріп алуға құқылы (егер мұндай өндіріп алу Келісімшартта көзделген болса).

Қарыз алушы Банктің Келісімшарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі өткен берешекті енгізу қажеттігі туралы талабын орындамаған жағдайда, сондай-ақ қарыз алушы – жеке тұлға Банктер туралы заңның 61-бабының 2-тармағында көзделген құқықтарын пайдаланбаған не қарыз алушы – жеке тұлға мен Банк арасында Келісімшарт шарттарын өзгерту туралы келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Банктер туралы заңның 61-бабының 11-тармағына сәйкес Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Келісімшартта көзделген шараларды, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей: берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беру (егер Банктің мұндай құқығы Келісімшартта көзделген болса), Банктер туралы заңның 63-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаға Келісімшарт бойынша құқықты (талап ету құқығын) беру, Келісімшарт бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап қою, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы.

Банк Банктер туралы заңның 61-бабының 2-тармағының 2) және (немесе) 4) тармақшаларында көзделген банктік қарыз келісімшартының шарттарына өзгерістер енгізу туралы өтініш берген мынадай:

  1. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын;
  2. төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушы – жеке тұлғалар үшін банктік қарыз келісімшарты шарттарына өзгерістер енгізуге кемінде үш ай мерзімге, банктік қарыз келісімшарты бойынша комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етпей келісім беру туралы шешім қабылдайды.

Банктер туралы заңның 61-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушы – жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз келісімшартының шарттарына өзгерістер енгізуге келісім беру туралы шешім, қарыз алушының өтініш берген айдың алдындағы екі ай үшін есептелген орташа айлық кірісі, өтініш берген айдың алдындағы он екі ай үшін есептелген орташа айлық кірісімен салыстырғанда отыз пайыздан астам төмендеген жағдайда не атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жағдайда қабылданады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Кредитті бекіту шешімін кім қабылдайды?

Кепілсіз несиелерді бекіту туралы шешімді Банктың автоматтандырылған жүйесі немесе уәкілетті алқалық орган қабылдайды. Банк менеджерлері мен қызметкерлері бұл процеске қатыспайды және шешімге әсер ете алмайды. Әр жағдайда шешім жеке қабылданады және сіздің кредиттік тарихыңыз бен төлем қабілетіңізге байланысты.

Қарызды өтеу тәсілдері
  1. Банктің мобильді қосымшасында ағымдағы шотты толықтыру .

«Шоттар» бөлімінде қажет шотты таңдап, Nurbank картасынан толықтыруды басу.

  1. «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, комиссиясыз.

Несиені «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде өтеуге болады, комиссия алынбайды.

  1. Шоттың деректемелері бойынша басқа Банктерден аударым жасау арқылы.

Комиссия жіберуші-банктің тарифтеріне сәйкес ұсталады.

Шоттың деректемелерін Банктің мобильді қосымшасынан көруге болады.

Операцияны қалай орындау керек:

  • "Шоттар" бөлімінде қажетті шотты таңдаңыз
  • «Қосымша ақпарат» бөлімінен шот нөмірін көшіріңіз
  • Аударымды жіберу кезінде төлемнің тағайындалу кодын (ТТК) көрсетіңіз: 343 (клиенттердің бір банктегі ақшасын өзінің ағымдағы шотынан басқа банктегі өзінің ағымдағы шотына аударуы)
  1. Банктің кез келген бөлімшесінде қолма-қол ақшамен төлеу арқылы Банктің кассасы арқылы өтеу.

Кепілсіз несие қандай мерзімге беріледі?

Ең аз мерзім — 12 ай, ең ұзақ мерзім — 60 ай.

Сыртқы қайта қаржыландыру арқылы қандай сомаға несие рәсімдеуге болады?

Сыртқы қайта қаржыландырудың максималды сомасы 7 000 000 теңгеге дейін.

Қазақстан Республикасының резиденті емес адамға кредит рәсімдеуге бола ма?

Қарыздар тек Қазақстан Республикасының резиденттері үшін қарастырылып, рәсімделеді. Банк тұруға ықтиярхаты бар Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға қарыз беру мүмкіндігін қарастырады.

Несие алу үшін ең төменгі ай сайынғы табыс қандай болуы керек?

Расталған кіріс кемінде 150 000 (жүз елу) мың теңге болуы керек. Әрбір нақты жағдайда шешім жекелей қабылданады және несие тарихының сапасына және төлем қабілетіңізге байланысты болады.

Мен несиені бірнеше ай бұрын төлеу үшін ақша сала аламын ба?

Иә. Бұл жағдайда өтеу төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Несие алу үшін қандай құжаттар қажет?

Кепілсіз қарыздар бойынша:

  • Жеке куәлік. 

Кепілмен қамтамасыз етілген несиелер бойынша:

  • Жеке куәлік;
  • Кепіл құжаттары.

* Банк қосымша құжаттар сұратуға құқылы.

Несиенің алғашқы төлемі қай күнге келеді?

Несиенің алғашқы төлемінің күнін Nur24.kz қосымшасы арқылы және несие келісім шартының төлем кестесінде біле аласыз.

Несие бойынша мерзімінен бұрын (толық/жартылай) өтеуге комиссия (айыппұл) бар ма?

Жоқ, мерзімінен бұрын несиені өтеуге комиссия жоқ. Сонымен бірге, ішінара мерзімінен бұрын өтеу сомасы 3 (үш) айлық төлемдерден кем болмауы тиіс. Ішінара мерзімінен бұрын өтеу саны шектелмеген.

Мен несие қарызын мобильді қосымша арқылы мерзімінен бұрын төлей аламын ба?

Жоқ. Ол үшін банкінің кредит менеджеріне хабарласуыңыз қажет

Несие шарттарын өзгертуге өтінішті қалай беремін?

Несие шарттарын өзгертуге өтініш беру үшін несие менеджеріне хабарласуыңыз қажет.

Толық мерзімінен бұрын өтеуді қалай жүзеге асыруға болады?

Ол үшін алдын ала өтеу шарттары мен сомасын нақтылау үшін Банктің несие менеджеріне хабарласуыңыз қажет.

Төлем терминал арқылы жасалды, бірақ техникалық ақау болды және ақша шотқа түспеді. Не істеу керек?

Банктың ең жақын бөлімшесіне хабарласып немесе 2552 нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау шалу қажет. Техникалық ақау расталған соң және ақша кредит шотына есептелгеннен кейін, төлем кесте бойынша жабылады, айыппұл (бар болса) жойылады және оң кредиттік тарих сақталады.

Банктің тарифтерімен қалай танысуға болады?

Тарифтер

Кредит төлемін уақытында төлеуге қаражат жеткіліксіз болса, қанша сома төлеу қажет?

Ай сайынғы төлем сомасын Nur24.kz мобильді қосымшасынан, сондай-ақ несиелік келісімдегі төлем кестесінен біле аласыз.

Банк қарыз алушыға кешіктірілгені туралы қай уақытта хабарлайды?

Банк міндеттемелерді орындау кешеуілдеуінің және төлемдер енгізу қажеттілігінің туындағаны туралы ескерту жіберіп тұрады, бұл туралы банктік қарыз шартында көрсетілген тәсілмен кешіктерілмей, оның туындаған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей.

Егер мен ДБЗ бойынша төлемді уақытында өтемесем не болады?

Төлемнің кешіктірілуі Сіздің несие тарихыңызға теріс әсер етуі мүмкін. Несиеңізді уақытында өтуді ұмытпаңыз. Несие бойынша төлемнің кешіктірілуі кезінде Банк қолданыстағы банктік қарыз келісімінің шарттарына сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдар салады.

Егер менде кешіктіру пайда болса не істеуім керек?

Біз сізге кешіктірілген қарызды өтеуді ұсынамыз.

Телефон нөмірі/тіркеу мекенжайы/тұратын мекенжай өзгерсе не істеу керек?

Жеке деректеріңізді жаңартуыңыз қажет. Банк бөлімшесіне барыңыз немесе бұл туралы Банкке жазбаша хабарлаңыз.

Банк бөлімшелері

Кепілсіз несиені Nur24.kz арқылы онлайн ресімдеу мүмкін бе?

Жоқ. Қазіргі уақытта барлық несиелер Нұрбанк бөлімшелері арқылы ресімделеді.

Мен Нұрбанктен қайталама нарықтан жылжымайтын мүлік сатып ала аламын ба?

Иә, Нұрбанк екінші тұрғын үй сатып алуға арналған Банктің өз ипотекалық несие бағдарламасын ұсынады.

Кепіл мүлкінің бағасын кім белгілейді?

Кепіл мүлкінің бастапқы бағасын тәуелсіз бағалау ұйымдары жүргізеді. Қайталама бағалауды Банк филиалдарының бағалау қызметі тәуелсіз сарапшы жүргізген бағалаудың дұрыстығын анықтау үшін кепіл мүлкінің тұрған жеріне барып жүзеге асырады.

Мен басқа банктен алынған ипотеканы қайта қаржыландыра аламын ба?

Иә, Банк басқа банктердегі қарыздар бойынша қайта қаржыландыруды жүзеге асырады, егер несие бойынша төлем мерзімі кешіктірілмесе. Қайта қаржыландыру үшін жақын бөлімшеге жүгіну қажет.

Мен кепілсіз несиеге өтінімді қанша жастан бере аламын/несие ресімдеу үшін ең төменгі және ең жоғары жас?

21 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейін.

Нұрбанк арқылы көлікті несиеге ала аламын ба?

Иә, біздің Банк бірнеше автонесие бағдарламаларын ұсынады:

  • Серіктес автосалондарда жаңа автокөлік алу үшін;

  • Қолданылған автокөлік алу үшін.

Несие өтінішін қарау үшін Сізге Банк бөлімшесіне жүгіну қажет.