«Нұр Алтын Cберегательный» депозиті
Ең жоғары кіріс алу мен 20 млн. теңгеге ҚДКБҚ-ның жоғары кепілдігі бар жинақ депозиті.
Шарттары
Орналастыру мерзімі | 3, 6, 12, 24, 36 ай |
Салым валютасы | теңге, АҚШ доллары |
Ең төменгі сома | 5 000 KZT, 25 USD |
Қосымша жарналар | теңгемен салымшының қалауы бойынша: шектеусіз толықтыру құқығымен немесе толықтыру құқығынсыз. АҚШ долларымен шектеусіз толықтыру құқығымен |
Ішінара алу | рұқсат етілмейді |
Сыйақы төлеу | салымшының ағымдағы шотына ай сайынғы төлем немесе ай сайынғы капиталдандыру |
Сыйақы мөлшерлемесі
тіркелген
KZT валютасы
Толықтыру құқығынсыз | Толықтыру құқығымен | |||
Мерзімі | Номиналды, жылдығы % | СЖТМ*, % | Номиналды, жылдығы % | СЖТМ*, % |
3 | 15,8 | 17,0 | 15,8 | 17,0 |
6 | 16,2 | 17,5 | 15,8 | 17,0 |
12 | 14,7 | 15,7 | 13,6 | 14,5 |
24 | 12,3 | 13 | 11,6 | 12,2 |
36 | 12,3 | 13 | 11,6 | 12,2 |
USA валютасы
Толықтыру құқығымен | |||
Мерзімі | Номиналды, жылдығы % | СЖТМ*, % | |
12 | 1 | 1 | |
12 | 1 | 1 | VIP клинттерге |
Мерзімінен бұрын бұзу шарттары: "До востребования" салымы бойынша белгіленген сыйақы мөлшерлемесі бойынша. Салым сомасы салымшының талабы түскен сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кейін беріледі.
* — сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі
Сыйақы мөлшерлемелері Активтер мен пассивтерді басқару комитетінің 02.11.2022 жылғы №119-3 және 17.11.2022 жылғы №129-1 шешімдерімен бекітілген.
«Нұр Алтын Сберегательный» депозиті
Егер де сіз пайыздардан тұрақты кіріс көргіңіз келсе, егер өз жинақтарыңызды сақтап қана қоймай, оларды ұзақ мерзімге инвестиция жасап, көбейтіп алғыңыз келсе, «Нұр Алтын Сберегательный» депозитін ашуға кеңес береміз.
Мұндай жинақ шоты ақшасын жақын арада алуды жоспарламайтын, керісінше әдеттегіден жоғары пайызда табыс алғысы келетіндерге арналған.
Неліктен «Нұр Алтын Сберегательный» жинақ шотын ашу қажет?
- Депозиттің табыстылығы жоғары – бұл жинақ шотына ақшаңызды салып, басқа шарттармен салыстырғанда айтарлықтай табыс көресіз. Мерзім аяқталғанға дейін салымнан қаражат шешуге болмайтыны оған осы артықшылықты беріп отыр, сондықтан да ақшасын ұзақ мерзімге инвестиция жасағысы келгендер үшін бұл өте дұрыс шешім болып табылады.
- Екі түрлі валюта– сіз салымды теңгеде немесе америка долларында аша аласыз.
Көбірек
- Депозиттің ең төменгі сомасы (төмендетілмейтін қалдық) – бұл жинақ шотын ашу үшін сізге бар болғаны 25 АҚШ доллары немесе 5000 теңге қажет.
- Салым мерзімінің үш мүмкіндігі – жинақ шотын қай уақытқа - бір, екі немесе үш жылға ашуды өзіңіз белгілей аласыз.
- Жинақ шотын Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры кепілдендірілген – ҚДКҚ өтемақының ең жоғарғы сомасының шегінде ұлттық валютадағы депозит бойынша өтемақы төлеуге кепілдік береді.
- Ақша шешпестен, капиталдандыру мүмкіндігі қарастырылған – капиталдануын арттыра отырып, пайыздық сыйақы ай сайын сіздің дәл осы шотыңызға түсуі мүмкін.
Салымның ерекшеліктері
Егер де сіз бір, екі немесе үш жыл бойы ақша шешпеуге мүмкіндігіңіздің бар екендігіне сенімді болсаңыз, «Нұр Алтын Сберегательный» сізге өте сай келеді. Салымды толықтыру құқығымен де, толықтыру құқығынсыз да аша аласыз – мұнда аталған екі жағдайда сыйақы коэффициентінің аздап ұқсамайтындығын назарға алыңыз. VIP клиенттер үшін доллардағы салым жасаған кезде арттырылған мөлшерлеме әрекет етеді.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
Депозит бойынша кеңес алу үшін өтінім қалдыру
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.