2016 жылғы 4 наурызда Көктөбе саябағында арқан жолдың ашылуы өтті. Шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Нұрбанк» АҚ басшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, «Нұрбанк» АҚ-ның қаржылық қолдауымен 2014 жылы арқан жолды жаңарту басталған болатын. Бүгіннен бастап алматылықтар мен қала қонақтары Көктөбеге жаңа түрдегі сегіз орындық жайлы кабиналармен бара алады.
«Нұрбанк» әрқашан әлеуметтік маңызы бар жобаларға ерекше назар аударып келеді. Көктөбе тау болуымен Алматының көрікті жерлерінің бірі болып табылады. Біздің Көктөбе саябағымен серіктестіктің арқасында тау жаңартылып, енді біздің тамаша қаламыздың тұрғындары мен қонақтары үшін саябаққа бару одан да ыңғайлы болады» – деді «Нұрбанк» АҚ төрағасы Эльдар Сәрсенов
Жаңа гондолдық жолдың ұзындығы 1620 метр, алты тірек (ескі арқан жолда үш тірек болған), сыйымдылығы 8 адамнан тұратын 17 жайлы «Diamond» кабинасы сағатына 750 адам өткізу қабілетін қамтамасыз етеді, оны сағатына 1 000 адамға дейін арттыруға болады.
Төменгі станциядан жоғарғы станцияға дейінгі сапар 5 минутты алады: жолдың төменгі станциясы қала орталығында қонақтарды қабылдайды, онда олар жайлы кабиналарға жайғасып, қызықты саяхат басталады.
Жол балалармен және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ыңғайлы: мысалы, кабинада орындықтарды жинап, арбаны қоюға болады.
«Шолу дөңгелегі» аттракционы туралы: доңғалақтың диаметрі 30 метр, бір уақытта 120 адамды сыйдыра алады. Мұнда барлық жыл мезгілінде келушілерді қабылдауға мүмкіндік беретін терезелері ашылатын 20 жабық жайлы кабиналар орнатылған. Әрбір кабинада 6 орын бар. Аттракционның толық циклі 8 минутты алады.
Аттракцион теңіз деңгейінен 1136 метр биіктікке жетеді. Одан қаланың барлық көрінісін, ал жақсы ауа райында Заилийский Алатаудың әсем көріністерін және тіпті Қапшағай көлін көруге болады.
Бұдан басқа, Көктөбеде оның қонақтарына қызықты болатын көптеген басқа нысандар бар: