Назар аударыңыз, алаяқтар!

Назар аударыңыз, алаяқтар!

Құрметті клиенттер, НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Интернет-банкинг жүйесін пайдалану кезінде алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында Сіздерді осы ақпаратпен мұқият танысуға шақырамыз.

Егер Сізге Банк атынан хабарласып, электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер немесе беймәлім сайттар арқылы жеке және идентификациялық мәліметтеріңізді (Интернет-банкингке кіру үшін логин мен пароль, пин-код, карталардың қолдану мерзімі және CVV/CVV2-код) беруді сұраса, сақ болыңыз - БҰЛ АЛАЯҚТАР!

Банк барлық қажетті ақпаратты иеленеді және ешқашан, еш жағдайда тұтынушылардың деректерін, Интернет-банкинг жүйесіне кіретін логиндер мен парольдерді, пин-кодты, карталардың қолдану мерзімін және CVV/CVV2-кодты сұрамайды, сілтемелерге өту қажеттілігі туралы сұраныстар жібермейді, сондай-ақ электрондық пошта арқылы бағдарламалар және олардың жаңартуларын таратпайды.

Ешбір жағдайда өзіңіздің логин мен пароліңізді, соның ішінде АҚ «Нурбанк» қызметкерлеріне  ЖАРИЯЛАМАҢЫЗ.

Банк қызметтеріне Сізге тиесілі емес телефон нөмірлерін қоспаңыз.

Nurbank24 жүйесіне кірген кезде міндетті түрде «Жеке тұлғаларға арналған интернет-банкинг» жүйесінің ресми сайты - https://nurbank24.kz қауіпсіз SSL-қосылысын орнатылғанын тексеріңіз

Егер Сіз конфиденциалды ақпаратты жария етсеңіз немесе зиянды бағдарламалар (вирустар, шпиондық бағдарламалар) пайдалансаңыз, бөтен телефон нөмірлерін тіркеу/қайта тіркеу кезінде пайдалансаңыз "Интернет-банкинг" жүйесіне қосылу кезінде банк жауапты болмайды.

Егер мобильді телефоныңызды, оның ішінде Mobipass қолданбасы (бір реттік құпия сөзді генерациялау) орнатылған құрылғыны жоғалтсаңыз, дереу Байланыс орталығына хабарласыңыз.

Егер Банк атынан желіде күмәнді деп санасаңыз, күмәнді мекенжайы бар электрондық хат алсаңыз, деректердің компрометациясына немесе қызметтік банк шоттарынан рұқсат етілмеген аударымдар жасау фактілерін анықтасаңыз,

Келесі телефондар бойынша дереу Банк Байланыс орталығына хабарласыңыз: +7 (727) 250-00-00, 244-44-44 Алматы қаласының тұрғындарына, 2552 "Beeline", "Kcell", "Теle2", "Activ", "Altel 4G" ұялы байланыс операторларының ұялы телефондарына.

Қауіпсіздіктің ережелерімен сіз Интернет-банкинг сайтында www.nurbank24.kz сайтындағы "Open24/Nurbank24 жүйесін пайдаланудың қауіпсіздік кеңестері" бөлімінде таныса аласыз.

07.03.2017