«Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесіндегі өзгерістер

«Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесіндегі өзгерістер

2024 жылдың 13 қарашасынан бастап Директорлар кеңесінің шешімімен Эльдар Рашитович Сәрсенов «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

 

Осылайша, «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің құрамы төмендегідей:

- Сәрсенов Эльдар Рашитович – Директорлар кеңесінің төрағасы

- Ержанова Раушан Зейнуллаевна - директорлар кеңесінің мүшесі

- Камалеев Рустем Гумарович - тәуелсіз директор - директорлар кеңесінің мүшесі

- Козыкеева Элиза Олжабаевна – директорлар кеңесінің мүшесі

- Талпаков Аслан Бақтиярұлы - тәуелсіз директор - директорлар кеңесінің мүшесі

- Вахитов Искандер Рыстұлы - тәуелсіз директор - директорлар кеңесінің мүшесі

 

Анықтама:

Эльдар Сәрсенов «Нұрбанк» АҚ-ның негізгі акционері болып табылады. Ол Suffolk University (Бостон, АҚШ) университетін бітіріп, бизнес әкімшілігінің бакалавры дәрежесіне ие болған, сонымен қатар Northeastern University (Бостон, АҚШ) университетінде бизнес әкімшілігінің магистрі біліктілігін алған.

 

«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 лицензиясына 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап ие.

15.11.2024