Нұрбанк Жылдам төлемдер жүйесінің қатысушысы болды

Нұрбанк Жылдам төлемдер жүйесінің қатысушысы болды

Нұрбанк Жылдам төлемдер жүйесіне (ЖТЖ) қосылды. ЖТЖ қазақстандық банктердің клиенттері арасында теңгемен 24/7 режімінде аударым жасауға мүмкіндік береді. Аударымдар мобильді телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады. Карта нөмірін және басқа деректемелерді енгізу қажет емес.

Бүгінгі таңда ЖТЖ қаржы қызметтерін тұтынушыларға қызмет көрсетуші банкіне қарамастан төлем құралдарын қолданып, ыңғайлы және қарапайым онлайн төлем сервисін ұсынады. ЖТЖ қаржы институттарының сандық сервистерді дамыту және кеңейтудің негізі болмақ.

Телефон нөмірі бойынша аударым жасау үшін, ақша жіберуші банкінің мобильді қосымшасына алушының мобильді нөмірін енгізіп, соманы теңгеде және алушының банкін көрсету қажет. ЖТЖ қатысушылары тарифтерді өздері анықтайды. Әзірге комиссия символикалық – аударымға 10 теңге. Бір реттік аударымның максималды сомасы – 500 мың теңге.

«Нұрбанк мобильді қосымшаны жетілдіріп, жаңа сандық қызмет енгізді – бұл біздің клиенттер үшін қаражатты ұлттық валютада қауіпсіз және тез аударудың ыңғайлы тәсілі. Нұрбанк өз клиенттерінің максималды ыңғайлығы үшін бизнес-процестерді оңтайландыруға тырысады», - дейді «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Гүлнара Мусатаева.

Жылдам аударымдарды пайдалану үшін NUR24.kz мобильді қосымшасын жаңарту қажет. «Аударымдар» бөлімінде «Басқа банкке» менюін таңдап, содан кейін «Телефон нөмірі бойынша» таңдау қажет, мобильді телефон нөмірін, алушының банкін және соманы енгізу қажет. Енгізілген деректерді тексеріп, аударымды кодпен растау қажет.

«Нұрбанк» АҚ қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 3 ақпанда берген №1.2.15/193 лицензиясына ие.

09.01.2024