S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Нурбанктың» кредит рейтингін «В-/В» деңгейінде тұрақты outlook-пен растады.
«Нұрбанктың» тұрақты outlook рейтингі қаржы институтының активтер сапасын жақсартуға, несиелік портфельдегі проблемалық несиелер үлесін азайтуға, капиталдың жеткілікті қоры мен қажетті өтімділік деңгейін сақтап тұруға бағытталған сәтті нәтижелерін растайды. Агенттік мамандары банктің тұрақты қаржыландыру профилін сақтайды деп күтеді.
Белгілі халықаралық агенттік биылғы жылы жоғары пайыздық мөлшерлемелер жағдайында маңызды маржаны сақтау арқылы проблемалық несиелер үлесін азайтып, кіріс генерациялау қабілетін жақсартуды болжайды. Нұрбанктың қаржыландыру және өтімділік көрсеткіштері банк жүйесінің орташа көрсеткіштеріне және көлемі кішігірім қазақстандық қаржы ұйымдарының осындай көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Банк 2023 жылғы 01 шілдедегі деректерге сәйкес өтімді активтердің кең көрсеткіші жалпы активтердің 30%-ын құраған жеткілікті өтімділік қорын қалыптастырды, бұл қазіргі макроэкономикалық жағдайда сөзсіз оң фактор болып табылады. S&P Global Ratings болжамдық көкжиегі кезеңінде депозиттердің елеулі ағыны күтілмейді екенін атап өтті.
«Нұрбанктің» сенімділігінің расталуы және тұрақсыздық пен жоғары құбылмалылық жағдайында S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің оң болжамдары банктің тұрақтылығын және клиенттердің қажеттіліктеріне жеке тәсілдеме, активтердің сапасын қолдау, тәуекелдерді бағалауға сарабдал көзқарас және сапалы комплаенс негізінде негізгі стратегия ретінде таңдауының тиімділігін растайды. Рейтинг банктің жеткілікті капитал және өтімділік қорларына ие екенін растайды. Мұндай жоғары көрсеткіштерге клиенттеріміздің сенімі болмаса жету мүмкін емес еді; олардың кейбірі банкте 25 жылдан астам уақыт қызмет көрсетілуде және әр команда мүшесінің күнделікті еңбегі. Сондай-ақ, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы шоғырландырылған есепке сәйкес таза табыс шамамен 4,3 млрд теңге болғанын ерекше қуантады», - дейді «Нурбанктің» басқарма төрағасы Гүлнара Мусатаева.