Қазақстандық банктер мен мобильдік операторлардың бірлескен үндеуі

Қазақстандық банктер мен мобильдік операторлардың бірлескен үндеуі

Beeline, Eurasian Bank, Forte Bank, Halyk Bank, Home Credit Bank, Jusan Bank, Kaspi Bank, Kcell, Nurbank, Tele2/Altel, Банк Центр Кредит, Банк VTB (Қазақстан)

Құрметті клиенттер!

Соңғы уақытта қаржылық алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Сізді ықтимал қаржылық шығындардан қорғау үшін ескертуге асығамыз.

Алаяқ Қазақстандық немесе шетелдік нөмірден қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Ол телефон байланысының қорғалмағанын айтып, WhatsApp немесе басқа мессенджерге көшуді ұсынады.

Мессенжердегі чатта алаяқ банк қызметкерінің жалған куәлігінің суретін жібереді.

Алаяқ сізден қаражатты қорғау үшін "қауіпсіз шотқа" аударуды сұрайды. Бұдан кейін ол сіздің ақшамен бірге жоғалады.

Біз ресми түрде мәлімдейміз: Қазақстандық банктердің қызметкерлері телефон арқылы ешқашан ақша аударуды ұсынбайды, сіздің парольдеріңіз бен кодтарыңызды сұрамайды. Қазақстандық банктердің қызметкерлері ешқашан шетелдік нөмірлерден қоңырау шалмайды.

Қалайша жаңа алаяқтық схемасы пайда болды?

Әдетте алаяқтар шетелде болады. Бұрын арнайы интернет-сервистер арқылы олар шетелдік телефон нөмірін Қазақстандыққа ауыстыра алатын. Бірақ Қазақстандық мобильдік операторлар мұндай ауыстыру мүмкіндігін шектеді. Осылайша, алаяқтарға қазақстандық ретінде көріну қиындап, қазір олар шетелдік нөмірлерден қоңырау шалады. Олар шетелдік нөмір сенімсіз екенін түсінеді, сондықтан мессенджердегі "қорғалған чатқа" көшуді ұсынады, мұнда аватарға танымал банктің логотипін қойды.

Сондай-ақ, қаскүнемдер бұрыннан белгілі алаяқтық түрлерін қолдануды жалғастыруда. Өтінеміз, қырағы болыңыз!

  1. Әңгімелесуді дереу үзіңіз! (Банк колл-орталығына қоңырау шалып, күмәнді қоңырау туралы хабарлап, шоттарыңыздың қауіпсіздігін тексеруге болады).
  2. Ешқашан және ешкімге СМС-хабарламалардағы құпия коды немесе интернет-банктегі жеке кабинеттегі құпия сөзді айтпаңыз.
  3. Қоңырау шалушылардың өтініші бойынша ешқашан ақша аудармаңыз.
  4. Олар көрсеткен белгісіз мобильді қосымшаларды ешқашан жүктемеңіз!
  5. Бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерді ашпаңыз.

Бұл қарапайым қаржылық қауіпсіздік ережелері сізді алаяқтардың құрбаны болудан және ақшаңызды жоғалтпаудан қорғауға көмектеседі.

07.04.2023