«Нұрбанк» АҚ және DMU Kazakhstan: Қазіргі жағдайдағы қаржылық мәдениет

«Нұрбанк» АҚ және DMU Kazakhstan: Қазіргі жағдайдағы қаржылық мәдениет

    «Нұрбанк» АҚ және Де Монфорт Қазақстан Университеті (DMU Kazakhstan) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптардың бірлескен қызметі серіктестік қатынастар орнатуға, ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталатын болады, ғылыми-қаржылық қызмет бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру және қаржы-банктік салада жоғары білікті кадрларды дайындау шараларын қамтиды.

   «Биыл Нұрбанктің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Қызмет барысында Нұрбанк тұрақты даму қағидаттарын басшылыққа алып, әртүрлі білім беру жобаларын белсенді түрде қолдайды. Бұл қаржы саласында өз жолын жалғастырғысы келетін студенттерге арналған бағдарлама, – деп, құжатқа қол қоюды банк басқармасының төрағасы Гүлнара Мұсатаева түсіндірді, – біз қаржылық операцияларды цифрландыруда жаңа шешімдерді іздеумен айналысудамыз және жас әрі батыл кадрларға мұқтажбыз«.

    DMU Kazakhstan базасында банктік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламалары, тренингтер, семинарлар өткізілмек, жетекші шет елдік оқу және ғылыми орталықтарының оқытушыларын тарту арқылы өткізіледі. Өз кезегінде DMU Kazakhstan студенттерінің «Нұрбанк» АҚ-да тәжірибеден өту мүмкіндігі болады.

   «DMUK – бұл ең алдымен мансапқа бағытталған университет, бизнес, IT және шығармашылық индустриялар саласында сапалы білім беретін. Біздің серіктестік студенттердің теориялық ғана емес, тәжірибелік дағдылары мен банк-қаржылық салада жұмыс тәжірибесін алуына мүмкіндік береді. Өз кезегінде университетпен ықпалдастық банкке өздерінің болашақ әлеуетті кадрларын көруге және әрі қарай оларды бас кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінде және «Нұрбанк» АҚ-ның аумақтық филиалдарында жұмысқа орналастыру перспективасымен көруге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті DMU Kazakhstan ректоры Джеймс Паундер.

 

 БАҚ үшін байланыстар:

«Nurbank» АҚ Пресс-қызметі

Тел.: + 7 727 2 599 710 (вн. 5465)

aboltayeva@nurbank.kz

05.03.2022