Нұрбанк Қазақстанның барлық аймақтарындағы барлық филиалдар мен бөлімшелердің жұмысын қалпына келтірді. Жұмыс тәртібі таңғы 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейін (аймақтағы жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін) белгіленді. Бас банк қалыпты режимде жұмыс істейді.
Клиенттеріміздің барлық ақшалай қаражаттары толық қауіпсіздікте. Филиалдар мен бөлімшелерде теңгеде және шетел валютасында төлемдер жіберуі, клиенттердің есепшоттарынан қолма-қол ақша алуы және басқа да банк операциялары жүзеге асырылады. Бүгіннен бастап айырбас операциялары, халықаралық төлемдер және аударымдар қайта басталды.
Заңды тұлғалар үшін интернет-банкинг, жеке тұлғалар үшін мобильді қосымша қалыпты режимде жұмыс істейді.
Банкоматтар мен төлем терминалдары қылмыстық әрекеттер нәтижесінде зақымданғандарын қоспағанда барлық аймақтарда жұмыс істейді.
Жалпы Алматы қаласындағы филиал және бір бөлімше зиян көрді. Бірақ олар қазірдің өзінде ашылды – филиал қалыпты режимде, бөлімше әзірше жабық.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейінгі кезеңдегі кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді, 2022 жылғы 31 қаңтардан бастап өтініш берген тұлғалардың негізгі қарызды өтеу мен сыйақыларды төлеу мерзімін ұзарту мақсатында жеке тәртіппен өтініштер қаралады. Өтінішті 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап сайт арқылы немесе банк филиалдары мен бөлімшелеріне жүгіну арқылы беру мүмкіндігі бар.
Баспасөз қызметі:
Синилова Марина
Тел: +7 (727) 259-97-10 ішкі. 5353