Эльдар Сарсеновтың «Нурбанк» АҚ ірі (жанама) акционер мәртебесін алуына келісім беру туралы

Эльдар Сарсеновтың «Нурбанк» АҚ ірі (жанама) акционер мәртебесін алуына келісім беру туралы

Алматы, 2021 жылғы 22 қыркүйек. «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы Эльдар Сарсенов «Нурбанк» АҚ ірі (жанама) акционер мәртебесін алуына жазбаша келісім алды.

Қазіргі уақытта «Нурбанк» АҚ ірі (жанама) акционері ауысуына байланысты қажетті барлық шаралар жүзеге асырылуда.

«Нурбанк» қызметінің негізгі басымдықтарының бірі клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсететін, сапалы банк өнімдері мен қызметтерін кешенді түрде ұсынатын және жаңа өнімдерді әзірлеп іске қосатын әмбебап қаржы-несие мекемесін қалыптастыру болып табылады.

2021 жылғы 1 қыркүйекте банк 1 207 млн теңге көлемінде пайда тапты. Клиенттер алдындағы міндеттемелерді уақытылы орындау қабілетін көрсететін өтімділік көрсеткіші реттеуші белгілеген нормадан 7 есеге артық. 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша банк 70,5 млрд теңге несие берді (2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 есе көп). Оның ішінде ШОБ үлесі 38%, жылдық өсім – 26%. Банктің активтері 448,2 млрд теңгені құрап, 2020 жылдың 8 айымен салыстырғанда 4,8% өсімді көрсетті.

Ағымдағы жылдың тамыз айында халықаралық S&P Global Ratings агенттігі «Нурбанктың» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингілерін «B-/B» деңгейінде және ұлттық шкала бойынша банктің ұзақ мерзімді рейтингін «kzBB-» деңгейінде растады. Болжам – «Тұрақты». S&P Global Ratings сарапшылары банктің активтер сапасының мемлекеттік қолдау және меншік иесі тарапынан дамуға байланысты біртіндеп жақсарып жатқанын негізге ала отырып шешім қабылдағанын атап өтті. Аналитиктер банктің қаржылық тұрақтылық бағдарламасы аясында қабылданған барлық шараларды орындауын мұқият талдап, «Нурбанк» рейтингі бойынша «Тұрақты» болжам банктің активтер сапасының біртіндеп жақсаруы және капиталының бизнес жоспарланған дамуына жеткілікті көлемде сақталатынына қатысты аналитиктердің болжағанын көрсетті.

Эльдар Сарсенов «Нурбанк» АҚ-да жұмысын 2012 жылы бастады. Басқарма төрағасы қызметіне кіріскенге дейін, мырза Сарсенов үш жыл бойы «Нурбанк» АҚ-ның басқарушы директоры қызметін атқарып, карточкалық бизнес, ақпараттық технологиялар, маркетинг, персоналды дамыту, жарнама және қызмет көрсету сапасы бойынша жетекшілік етті. 2015 жылдың қараша айында ол Банк Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Анықтама: «Нурбанк» АҚ 1992 жылы құрылды және Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі ірі банктердің бірі болып табылады. Банк елдің барлық негізгі өңірлерінде 17 филиал мен 77 бөлімшемен қызмет көрсетеді.

22.09.2021