«Нұрбанк» АҚ Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы

«Нұрбанк» АҚ Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы

«Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрайымы Гульнара Мусатаеваның жеке жағдайларына  байланысты өз қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

Гульнара Мусатаева «Нұрбанк» АҚ-да 2011 жылдан бері жұмыс істеп келді. Әр жылдары Басқарушы директор – Басқарма мүшесі және Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған. 2021 жылдың 29 қыркүйегінен бастап Банктің Басқармасын басқарды.

Оның басшылық кезеңі Банктің трансформациялануы және нарықтағы позицияларын нығайтуға ұмтылған кезеңімен тұспа-тұс келді. 2021–2025 жылдар аралығында «Нұрбанк» негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім динамикасын көрсетіп, бірқатар стратегиялық бастамаларды іске асырды.

Олардың қатарына төмендегі негізгі нәтижелерді қосуға болады:

  •  Банктің таза пайдасы екі еседен астам өсіп, 13,2 миллиард теңгеге жетті;
  • кредиттік портфель зор қарқынмен ұлғайды (2025 жылы +35%-ға дейін), сонымен қатар NPL деңгейі 8,33%-дан 5,15%-ға дейін төмендеді;
  •  депозиттік портфель 395 миллиард теңгеге дейін өсті;
  • сауықтыру бағдарламасы аясында мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтару басталды; 
  • 2024 жылы S&P Global Ratings агенттігі берген кредиттік рейтингі тұрақты болжаммен «B» деңгейіне дейін көтерілді; 
  • цифрлық трансформацияға, транзакциялық бизнеске және ШОБ-қа басымдық берілген жаңа даму стратегиясы іске асырылды.

Стратегия шеңберінде Банк ШОБ және транзакциялық бизнес бағыттарындағы позицияларын күшейтіп, нарықтағы төлем шешімдерінің ең кең желілерінің бірін қалыптастырды, сондай-ақ цифрлық теңге жобалары мен цифрлық сервистерді дамытуда жетекші орындарды иеленді.

Қаржы институтының акционері Гульнара Абаевнаның Басқарма Төрайымы ретіндегі қызметін және «Нұрбанк» дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады: «Гульнара Мусатаеваның басшылық еткен кезең «Нұрбанк» үшін сапалы трансформация кезеңіне айналды. Банк қаржылық тұрақтылығын нығайтып қана қоймай, цифрландыру мен табыстарды әртараптандыруға негізделген жаңа даму моделіне өтті. Пайда өсімі, активтердің сапасы және жаңа бизнес бағыттарын дамытуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Біз Гульнара Абаевнаға кәсіби сипатта басқарғаны, жүйелі жолды орнатқаны және Банктің ұзақ мерзімді дамуына қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз».

Өз кезегінде Гульнара Мусатаева: «Соңғы жылдары Банк командасы бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді іске асырды. Нұрбанк тұрақты бизнес-модельімен және айқын стратегиясымен әрі қарай өсу кезеңіне қадам басты. Команда мен акционерлерге маған білдірген сенімдері мен бірлесе атқарған жұмысы үшін алғыс айтамын. Қызметімді аяқтау туралы шешімді жеке жағдайларға байланысты қабылдадым», – деп атап өтті.

«Нұрбанк» АҚ бекітілген даму стратегиясын іске асыруды жалғастыра береді. Банктің барлық ағымдағы жобалары мен операциялық қызметі қалыпты режимде жүзеге асырылуда.

«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензия негізінде қызметін жүзеге асырып келеді.

01.06.2026