«Нурбанк» АҚ-ның рейтингтері бойынша болжам «Тұрақты» деңгейден «Позитивті» деңгейге қайта қаралды

«Нурбанк» АҚ-ның рейтингтері бойынша болжам «Тұрақты» деңгейден «Позитивті» деңгейге қайта қаралды

Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Нұрбанк» АҚ-тың рейтингтері бойынша болжамды «Тұрақты» деңгейден «Позитивті» деңгейге қайта қарады. Банктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі «B» деңгейінде расталды, ұлттық шәкіл бойынша рейтингі – «kzBBB-» деңгейінде.

S&P Global Ratings бағалауынша, болжамның қайта қаралуы капитал жеткіліктілігі көрсеткіштерінің жақсаруын күтумен байланысты. Бұған өсім қарқынының неғұрлым қалыпты болуы, провизиялар қалыптастыру қажеттілігінің төмендеуі және пайданың ұлғаюы ықпал етеді.

«Беделді халықаралық S&P Global Ratings агенттігінің «Нұрбанк» АҚ-тың кредиттік рейтингі бойынша болжамды «Тұрақты» деңгейден «Позитивті» деңгейге қайта қарауы банктің қаржылық тұрақтылығына және біздің жүйелі жұмысымыздың нәтижелеріне берілген маңызды тәуелсіз баға болып табылады. Біз бизнестің негізгі бағыттары бойынша оң динамиканы көрсетуді жалғастырып келеміз. 2026 жылдың 1-тамызындағы жағдай бойынша «Нұрбанк» АҚ-тың активтері 602 млрд теңгеге жуықтап, жыл басынан бері 37,3 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл ретте бизнестің өсуі кредиттік портфель сапасының сақталуымен қатар жүріп отыр: жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі 4,94%-ды құрайды, бұл ретте реттеуші белгілеген 10% шекті деңгейден едәуір төмен. Депозиттік портфель де оң динамиканы көрсетуде: жыл басынан бері оның көлемі 28,6 млрд теңгеге өсіп, 424 млрд теңгеге жетті.

Біз үшін болжамның жақсаруы – таңдалған стратегиялық бағыттың дұрыстығының расталуы. Біз «Нұрбанк» АҚ-тың қаржылық позицияларын нығайтуды, активтердің сапасын арттыруды, транзакциялық бизнесті және цифрлық сервистерді дамытуды, өнімдер желісі мен бизнес-процестерді жетілдіруді жалғастырамыз», – деп түсіндірді «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Алексей Мажуга.

S&P Global Ratings Қазақстан Республикасының банк секторындағы мемлекеттік тәуекелдер бағасын (BICRA) жақсартатынын жариялады. «Салалық тәуекел» (Industry Risk) компонентінің бағасы «7» тобынан «6» тобына дейін көтерілді. S&P сарапшылары Қазақстанның банк секторындағы реттеу мен қадағалау тетіктерінің одан әрі жетілдіріліп жатқанын атап өтті.

15.09.2026