Даусыз, дәрігер мамандығы ең маңызды және асыл. Теориялық білімді, практикалық тәжірибені, физикалық төзімділікті және медициналық этиканы қатаң сақтауды талап ете отырып, ол дәрігерлерден батылдықты, күнделікті өз-өзін толық арнауды және өзгенің ауырсынуын сезіне білуді талап етеді. Дәрігерлерге әр минут сайын өмірлік маңызды шешімдер қабылдау үшін үлкен жауапкершілікті өз мойнына алуға тура келеді. Солтүстік Қазақстан облысының көпсалалы ауруханасы - өңірдегі ең ірі ауруханалардың бірі. Мұндағы дәрігерлер күн сайын күрделі медициналық процедуралар мен операцияларды жүргізу арқылы адамдардың өмірін құтқарып, ұзартуда. 2022 жылы ауруханаға 170 000-нан астам пациент медициналық көмекке жүгінген. Болашақта көрсетілетін қызметтер тізімінің ұлғаюын ескере отырып, бұл көрсеткіш тек өседі. Мекеменің қызметі туралы толығырақ: мәселелер, жоспарлар және атқарылып жатқан жұмыстар туралы біз аурухана директоры Сәкен Әмринмен сөйлестік.