«Нұрбанк» АҚ үшін «Шеткі құрылғыларды» сатып алу жөніндегі тендерлер

«Нұрбанк» АҚ үшін «Шеткі құрылғыларды» сатып алу жөніндегі тендерлер

07.06.2019

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ келесі екі лот бойынша компьютерлік және перифериялық жабдықтарды сатып алу бойынша ашық тендер өткізілетінін хабарлайды:

  • ЛОТ№1 «МФУ, Сканер»
  • ЛОТ№2 «ИБП»

Тендер түрі: ашық:

Тендердің басталуы: 13.06.2019 ж., сағат 14:30, мекен-жайы: Абая көшесі 10В, 3-қабат, 310 үлкен конференц-залы;

Сауда-саттықтың аяқталуы: сағат 16:30;

Пакеттер мен ұсыныстарды жинау 12.06.2019 ж., сағат 12:00-ге дейін (қоса алғанда), мекен-жайы: Абая көшесі 10В; 204 кеңсе.      

Тендеге заңды тұлғалар (қызмет көрсету әлеуетті жеткізушілері) қатысуға жіберіледі, олар тендер өткізу сәтінде келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне ие болу, қызмет көрсету келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу;
  • Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Семей, Өскемен, Талдықорған, Көкшетау, Тараз қалаларында жеткізілетін жабдықты кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығы немесе сервис-серіктесі болу (атауын, мекен-жайын, байланыс деректерін көрсету арқылы ақпарат беру);
  • Жабдыққа кепілдік мерзімі – тауар ассортиментінің барлығына кемінде 1 жыл;
  • Әлеуетті Жеткізуші өз тендерлік өтінімді дайындау және ұсыну бойынша барлық шығындарды көтереді, ал Банк және тендер комиссиясы бұл шығындарға жауап бермейді және міндеттемелер алмаса да, тендер өткізу сипатына және нәтижесіне қарамастан;
  • компьютерлік жабдықтар нарығында әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болу керек;
  • Алматы қаласы мен өңірлерге жеткізу «Нұрбанк» АҚ ұсынған жоспарға сәйкес орындалуы тиіс;
  • Тауарлардың әрбір бірлігі үшін келісім-шарт әрекеті мерзімінде бағасы белгіленеді, егер сатып алушы қосымша тауар бірліктері қажет болса, техникалық тапсырыста көрсетілген саннан артық қолға алу мақсатында
  • Қызмет көрсетуші кепілдік мерзімінде істен шыққан кемінде 10 перифериялық құрылғыны қызмет көрсету орталығына және керісінше тапсырыс беруші орналасқан жерге дейін тасымалдау шығындарына жауапты болады (жүк тасымалдау бағасы тауар бағасына енгізілуі тиіс);
  • Төлем шарттары: 50% алдын ала төленеді, 50% тауар жеткізілгеннен кейін.
  • «Нұрбанк» АҚ-ның бұрынғы келісімшарттар бойынша талаптары болмауы;
  • төлем қабілетті болу, жоюға жатпауы, оның мүлкіне арест салмауы, оның қаржылық-шаруашылық қызметі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылмауы тиіс;
  • тендерге қатысу өтінім беру және қызмет көрсету келісімшартын жасау сәтінде бюджет алдындағы міндетті төлемдер мен салықтар бойынша міндеттемелерін орындауы тиіс;

Техникалық спецификация және бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы №1 Қосымшада (ЛОТ№1, ЛОТ№2) көрсетілген. 

Тендерлік өтінімдерді бағалаудың критерийлері:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
  • тендерлік өтінімнің тендерлік құжаттаманың техникалық спецификацияларына сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықты жеткізу мерзімдері. 

Тендерге қатысу үшін келесі құжат пакеттерін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңды құжаттама

1) осы хатқа қосымша №5 сәйкес анықталған формада тендерге қатысу өтінімі;

2) заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу құжаттарының (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша есепке алу туралы куәлік) нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша лицензиялауға жататын мемлекет қызметі үшін лицензия көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа);

4) жеткізуші өкілінің уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға жеткізуші сенімі;

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) талапкердің банк алдындағы кешіктірілген қарызының жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен анықтама түпнұсқасы;

2) заңды тұлғалар үшін бір жылға қаржылық есептіліктің көшірмелері, жеке кәсіпкерлер үшін салық декларациялары, бар болған жағдайда мөрімен расталған;

3) сатушының тіркеу орны бойынша салық комитетінің салықтарды төлеу бойынша қарыздың жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасы;

4) жеткізушігі бағалау және сипаттамасы, уақытылы орындалуы, міндеттемелердің толық орындалуы және басқалары қамтылған бұрынғы серіктес заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікір көшірмелері (болған жағдайда);

5) материалдық-техникалық база туралы мәліметтер;

6) баға ұсыныстары;

7) «Нұрбанк» АҚ қолма-қол шоттау арқылы шарт бойынша жеткізуді өзара есептеу келісімінің растауы. 

3 пакет: Басқа құжаттама

1) жеткізілетін жабдықтың сипаттамасы мен техникалық құжаттамасы;

2) жабдықтың жеткізілуі және кепілдік қызмет көрсету шарттары;

3) жеткізу мерзімдері;

3) ҚР бойынша қызмет көрсету орталықтарының болуы (атауын, мекен-жайын, байланыс деректерін көрсету арқылы ақпарат беру). 

Банк Тендерлік комиссиясы әлеуетті қызмет жеткізушілері немесе тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстырудың ресми қатысушысы емес кез келген адамның тендерлік өтінімдерді қарастыру және салыстыру туралы мәліметтерді ашпау құқығына ие.

«Нурбанк» АҚ тендерді өткізуді жою немесе кейінге қалдыру құқығын сақтайды, тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендерді жою немесе кейінге қалдырудың жаңа күні туралы жазбаша хабарлайды.

Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі басталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқығы бар.

Тендер әлеуетті қызмет жеткізушісінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен өткізіледі немесе уәкілетті тұлға тендерге қатыспаған жағдайда онсыз өткізіледі.

Тендерлік құжаттаманы тапсырудың түпкілікті мерзімі 12:00 сағ., 12 маусым 2019 ж.. 

Байланыс тұлғалары: 

Заң және қаржылық құжаттарды жинау мәселелері бойынша Құрманбаев Санжарға хабарласыңыз.

Тел. 2 599 710 ішкі 5847   SKurmanbayev@nurbank.kz 

Техникалық тапсырмаға қатысты басқа құжаттар мәселелері бойынша Ғазымжанов Сейтжан немесе Оспанбаев Сабитке байланысыңыз.

Жұмыс телефоны: 8(727)2 500 000 ішкі 4000 Sospanbayev@nurbank.kz.

Жұмыс телефоны: 8(727)2 500 000 ішкі 4661 SGazymzhanov@nurbank.kz.

 

№ 1 қоспа - Лот 1. Техникалық спецификация (жүктеу. doc, 23 КБ)

№ 1 қоспа - Лот 2. Техникалық спецификация (жүктеу. doc, 24 КБ)

№ 2 қоспа. Критерийлер (жүктеу. doc, 21 КБ)

№ 3 қоспа. Өтінім (жүктеу. doc, 30 КБ)