Салымшы уақыты: Нурбанк CEO-сы депозит нарығындағы басты үрдістерді атады
Мамыр айында қазақстандықтардың депозиттері 34,5 трлн теңгеге жетті. Жылдың алғашқы бес айындағы ресми статистика мәліметтеріне сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың депозиттік портфелі өсті. Сонымен қатар, жинақ салымдары теңге сегментінің депозит нарығындағы өсуінің негізгі драйвері болды. Депозит нарығындағы негізгі үрдістер және бұл жинақтаушы құралдың қарапайым қазақстандықтар, шағын және ірі компаниялар үшін артықшылықтары туралы ДК Нурбанк АҚ Басқарма Төрағасы Гүлнара Мұсатаева айтып берді.
29.07.2024